Жамбыл облысының прокурорлары балаларды асырауға төленетін алимент мәселесі бойынша азаматтарды қабылдады

09 октября 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының  прокурорлары балаларды асырауға төленетін алимент мәселесі бойынша азаматтарды қабылдады - 985442869

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Жамбыл облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында, облыс, Тараз қаласы прокурорларының, Әділет департаменті және жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы басшыларының балаларды асырауға төленетін алимент мәселесі бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Барлығы жиырмадан астам азамат алиментті төлемеу, алиментті өндіріп алу тәртібі, сот актісін ұзақ уақыт орындамау және т. б. сол сияқты түрлі сұрақтармен жүгінді.

Нәтижесінде, құжаттарды зерделеуді талап ететін шағымдар бойынша өтініштер қабылданды, қалған өтініш білдірген азаматтарға заңнама талаптары толық түсіндірілді, Орталық медиаторының көмегімен медиативтік келісімдер жасалды.

Мысалы, екі ерлі-зайыптының арасындағы көп жылғы дау сотқа жүгінбей, алимент сомасын және төлем кезеңділігін анықтау туралы медиативтік келісім жасау арқылы шешілді.

Жеке қабылдауды өткізудің мұндай тәжірибесі азаматтардың мәселелерін жедел шешуге, сондай-ақ ұзақ уақыт алатын әкімшілік рәсімді қоспағанда, оларға заң көмегін мерзімінде ұсынуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Мәселелері жедел шешімін тапқан келушілер өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Комментарии

Добавить комментарий