Аттестация өткізу жайлы хабарландыру

20 сентября 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Аттестация өткізу жайлы хабарландыру - 91753783

2019 жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызы сағат 15.00 Жамбыл облысы прокуратурасында аттестаттау комиссиясының отырысы болады және онда аттестатталушы қызметкерлермен әңгімелесу жүргізіледі.

Аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысында үшеуден аспайтын байқаушылар тартылады. Олар Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері  бола алады.

Осыған орай, Жамбыл облысы прокуратурасына байқаушы ретінде аттестаттау комиссиясына қатысатын адам тиісті нысанға сәйкес оның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ оның қоғамдық бірлестікке тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса берілген жазбаша өтініш білдіреді.

Өтініш аттестаттау комиссиясының отырысы өтетін орны мен күні туралы хабарландыру жариялағаннан кейін, бірақ оның басталуына дейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Әңгімелесу өткізілетін күні, өтініш берген алғашқылардың қатарынан байқаушылар ретінде анықталған адамдар жеке басын куәландыратын және қоғамдық бірлестіктерге тиесілігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы кадр қызметінде тіркеледі.

Комментарии

Добавить комментарий