Жамбыл облысының прокуратурасындағы тағайындау

17 апреля 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокуратурасындағы тағайындау - 195960537

Бас Прокурордың 2019 жылдың 15 сәуіріндегі бұйрығымен Әділ Кәрім Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

Кәрім Ә.Ә. 1984 жылы туылған. Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Орал көлік прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы болып бастаған.

Қызмет барысында Орал қаласы прокурорының көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Алмалы және Алатау аудандарының прокурорының орынбасары, Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың шілде айында Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры болып тағайындалған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 14 жылдан астам. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Комментарии

Добавить комментарий