Жамбыл облысы прокуратурасында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыланды

18 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

   Жамбыл облысының прокурорлары 2018 жылдың бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылай келе, облыс аумағында жалпы  қылмыстық құқық бұзушылықтар 31% (7 317-ден 5 024-ке дейін) азайғаны туралы айтылды.

   Соның ішінде кісі өлтіру деректері 30% (33-тен 23-ке дейін), қарақшылық 64% (22-ден 8-ге дейін), тонау 46% (190-нан 102-ге дейін), бұзақылық 51% (316-дан 155-ке дейін), зорлау қылмыстарының 46% (46-дан 25-ке дейін) азайғаның атап өтті.

   Оған қоса, бизнес субъектілерінің қылмыстық процеске тартуы 41% (39-дан 23-ке дейін) қысқартылған.

   Жасырылған қылмыстарды анықтау мақсатында белсенді шаралар қолға алынды. Енді барлық аудандық полиция бөлімдеріндегі  «102» нөміріне түскен хабарламалардың жазбаларын жергілікті прокурорлар тексеріп тұрады.

   Мәселен, 2018 жылғы мамырда Шу аудандық полиция бөліміне «М» деген азаматша ұрлық дерегі бойынша қоңырау шалады. Алайда полиция қызметкерлері хабарламаны арыз иесінің наразылық білдірмеуіне байланысты тіркеуге алмай, істі қозғамаған.

   Тексеру аталған азаматша нарызылық білдірмейтіні туралы арызды полиция қызметкерлерінің өтініші негізінде жазғандығы анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

   Облыс бойынша қылмыстардың 56% ұрлыққа қатысты. Онымен күресте үй аулаларында, көпшілік жиналатын орындарда және автобус іштеріне 650 бейнекамералар орнатылды.

   Нәтижесінде ұрлық саны 31% (4 096-дан 2 822-ге дейін) азайды.

   Прокуратура түзеу мекемелерінде заңдылықты қамтамасыз етті.

   Облыс аумағындағы түзеу мекемелерінен 117-ден астам тыйым салынған заттар тәркіленді: 84 ұялы телефон, 33 кесіп-тесу құрылғылары, ақшалай қаражат, спирттік ішімдіктер, есірткі заттар.

   Тыйым салынған заттарды түзеу мекемелеріне кіргізу жолдары анықталды.

   Мысалы, ЖД-158/4 тузеу мекемесіне салмағы жарты келі «Марихуана» есірткі затың кіргізу барысында кәсіпкер құрықталды.  2018 жылдың наурыз айында ол сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

   Әлеуметтік-экономикалық бағытта, әсіресе халықтың осал топтары арасында прокурорлық қадағалау күшейтілді.

   Негізсіз көлік және мүлік салықтары салынған 200-ден астам   мүгедектің құқықы қорғалды. Қадағалау актісімен оларға 5 млн. теңге қайтарылды.  

   Прокурорлардың бастамасымен жазғы демалыс кезінде 500-ден астам жағдайы төмен отбасылардың балалары жергілікті колледждерде қысқа мерзімді тегін курстардан өтеді. 

   Облыс аумағында орналасқан «Жаңатас-су-жылу» және «Игілік» екі жылу беру кәсіпорындарының жанар жағар-майға кеткен қаражатты тарифке негізсіз екі есе қосу дерегін анықтау арқылы 36,5 мыннаң астам тұтынушының құқықы қорғалды.

   Қадағалау актісінің нәтижесінде 107 млн. теңгені құрайтын өтемақы тарифі енгізілді.

   Қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнаманы бұзғаны және қалдықтарға қатысты қызмет атқарғаны үшін 120 ауыл әкімдерінің үстінен 240-тан астам әкімшілік іс қарастырылып, 10 млн. теңгеге айыппұл салынды.

   Алқа отырысының қорытындысы бойынша прокурорлар қадағалау жұмысын күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға байланысты нұсқаулар алды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу