Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Жамбыл облысы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады

12 қыркүйек 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Жамбыл облысы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады - 1083432768

         Биылғы жылы прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 300-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
         Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын үлестіру кезінде әкімшілік кедергілер анықталды.

         Қадағалау актісі бойынша жергілікті атқарушы органдардың 8 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 100 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау фактілері әшкереленді.

         Мемлекеттік органдар талаптары негізінде бизнес субъектілерін негізсіз сот процестеріне тарту пәні бойынша талдау жүргізіліп, нәтижесі әрбір 3-ші талаптың негізсіз қойылғанын көрсетті.

         Бақылаушы органдардың (Экология департаменті және Тараз қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) қызметінде заң бұзушылықтарды жою үшін негізсіз мерзімдерді белгілеумен ұштасқан Кәсіпкерлік кодексінің талаптарының бұзылу деректері анықталды.

         Кәсіпкерлік субъектілерінің прокуратура органдарына келіп түскен өтініштері облыс прокурорының ерекше бақылауында.
         Аталған субъектілердің өтініштерін қарау нәтижелерімен жер заңнамасы саласында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметінде тасымалдаушыларды 62,3 млн.теңге сомасына субсидиялау бойынша бұзушылықтар анықталды. Қабылданған шаралармен олардың құқықтары қалпына келтірілді.

         Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды ескере отырып, облыс прокуратурасымен құқық қорғау функцияларын күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданды.
         2020 жылдың 8 қыркүйегінен бастап Құқық қорғау қызметі орталығының базасында «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі эксперттік кеңес» құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы, фискалдық және бақылаушы органдардың өкілдері, «Атамекен» ҰКП мен қаржы институттарының сарапшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер кірді.
         Алдағы кезеңде Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау мақсатында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстар күшейтілетін болады.