БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

11 қыркүйек 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 БАСПАСӨЗ   ХАБАРЛАМАСЫ - 1380480285

Ағымдағы жылғы 25 тамыз – 4 қыркүйек аралығында облыс прокуратурасының бастамасымен, облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен аудандарға шығу арқылы, жылдар бойы қалыптасқан жүйелі мәселелерді айқындау және оларды шешу жолдары талқыланды.  

Талас ауданының ерекшеліктері ескеріліп, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету бағытында сөз қозғалды.

Өз кезегінде, Жамбыл ауданында тұрғындардың малдарын жаюға жайылымдықтардың жетіспеушілігі мәселесін шешу, сондай-ақ, мал ұрлығы өзекті екендігі айтылды.

Тараз қаласы тұрғындарының наразылығын тудыратын Құмшағал, Шөлдала елді мекендерін және саяжайларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері назарға алынды. Облыстық полиция Департаментіне аталған мекендерді учаскелік инспекторлармен қамтамасыз ету жүктелді.  

Облыс прокуроры  Н.М.Әбдіров аудандарда әлеуметтік желілерде алаяқтық құқық бұзушылықтарының өскендігіне тоқталып, уәкілетті органдарға бұл бағытта жұмысты күшейтуді тапсырды.    

Үстіміздегі жылдың наурыз айында аумақтық прокурорлар жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесе қоғамда қалыптасқан проблемалық мәселелер көтеріліп, басты және ағымдағы бағыттар бойынша тиісті іс-шаралар жоспарлары әкімдіктермен бекітілген.  

Облыс прокуратурасы жүргізген талдаумен бірқатар аудандарда жауапты органдармен жекелеген бағыттар бойынша жұмыстар мүлдем орындалмаса, енді бірімен іс-шаралар формальді түрде жүргізілгендігі анықталды. Олардың есептері тыңдалып, қажетті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, аумақтық прокурорлармен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп елді мекендерге шығу арқылы көшпелі қоғамдық қабылдау өткізіліп, халықпен жүздесу барысында шешімін таппаған мәселелер қаралды.

Ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында өзге этностық топтар ықшамдалып тұратын әрбір елді мекендегі (25 елді мекен) криминогендік ахуал және тұрғындардың проблемалары терең зерделенуде.  

 «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде аталған шаралар азаматтармен тығыз байланыс орнатуға, проблемаларын шешуге ықпалын тигізеді.

Кездесулер барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауының негізгі бағыттары 

Алдағы уақытта осындай жұмыстар жалғасуын тауып, тиісті нәтижелерге қол жеткізетіндігімізге сенімдіміз.

                                                                                                                                                            Жамбыл облысының прокуратурасы