Тараз қаласының прокуроры тағайындалды

09 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тараз қаласының прокуроры тағайындалды - 869310899

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 9 қыркүйектің №156/6 бұйрығымен әділет кеңесшісі Жамбыл Сырлыбекұлы Сматов Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Сматов Ж.С. 1985 жылы 26 шілдеде туылған. Прокуратура органдарында 2008 жылдан бастап жұмыс істейді.

Бұрын Жамбыл облысының Жамбыл ауданы, Тараз қаласы прокурорларының көмекшісі, Бас прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау Департаментінің бөлім прокуроры, Бас Прокурордың Аппаратының - Бас Прокурордың аға көмекшісі, Ақмола облысының Целиноград ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың қазан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры лауазымында қызмет атқарған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу