Т. Рысқұлов ауданының прокуроры тағайындалды

14 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Т. Рысқұлов ауданының прокуроры тағайындалды - 577543928

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 9 тамыздағы №142/6 бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Райымқұлов Дәурен Қуатбекұлы Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Райымқұлов Д.К. 1988 жылы 30 тамызда туылған. Прокуратура органдарында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.

Бұрын Астана қаласы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының саяси және ұлттық экстремизмге қарсы іс-қимылды қадағалау тобының басқарма прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің аға прокуроры қызметтерін атқарған.

2018 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерін қорғау жөніндегі қызметінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасының қаржылық заңнамасының сақталуын қадағалау бөлімінің аға прокуроры лауазымында қызмет атқарды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу