Алғыс хат. Байзақ ауданы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жамбыл облысының прокуроры Е.М.Сыбанкуловқа 

      Мен Алимбекова  А.Ж , қызым Жомарт Жанэль Сабитқызына борышкер Қонысов С.Ж-нан сот шешімі бойынша ¼ -мөлшерде алимент өндіруге тиіс болатын.  Жұбайым  Қонысов С.Ж. Сарыкемер ауылы, Байзақ ауданы, Спатаев 101-үйдің тұрғыны 2016 ж  11.10 айында сот орындаушы  Бабакулов.Б. мен Байзақ ауданының прокуроры Телеу Бағлан мырза мен прокурор көмекшісі Койкенова.Ж.Т.  өтініш жасап, алимент өндіруге ықпал жасауын сұраған болатынмын. Борышкерді 13.12.2016 ж  5-күндік  қамаққа алып, жүргізуші куәлігін уақытша тоқтатып берді. Содан міне, сіздің басшылығыңыздың арқасында, қызметкерлеріңіз адал ісін атқарып, ана мен баланың құқығын қорғап, тынбай еңбек етіп көмектескен үшін. Байзақ ауданының прокуроры Телеу Бағланға, прокурор көмекшісі Койкенова  Ж.Т – ханымға және жеке сот орындаушы, Бабакулов  Біржанға, Жамбыл облысының прокурор көмекшісі: Тагибаева М.Қ -ханымға  ерекше алғыс жариялап, еңбегін бағаласаңыз. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін. Алдағы уақытта еңбектеріңіздің жемісін жеп  биіктерден көріне беріңіздер. 23.06.2017 жылы қызымның алименті 1,995,307 теңге   болатын , қызым жүрек ақауымен ауырған болатын.  Емдеуімізге ақша таппай қиналып жүрген кезде қызыма үлкен көмек болды. Рамазан айында сауапты іс жасап, қызыма жасаған жақсылықты айтып жеткізе алмай отырмын. Менің қуанғаным  қызымның бақытты болғаны. Сіздерге мың алғыс! Бұл жақсылықтарыңызды еш ұмытпаймын. Аман болыңыздар! Алдағы уақытта осы менің қуанышым, әке мейірімінен айырылған балаларға жұғысты болып, үлгі болса екен.

Алимбекова А.Ж.