Алғыс хат. Байзақ ауданы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Жамбыл облысының прокуроры  Е.Сыбанқұлов мырзаға

    Байзақ аудандық сотының 27.01.2014 жылы сот бұйрығына сай менің пайдама борышкер Х.Т.Бозоевтан кәмелет жасқа толмаған балаларға ай сайын барлық табыс түрінен 2/1 көлемінде 27.01.2014 жылдан бастап кәмелет жасқа толғанға дейін алимент өндірілген . 27.01.2014 жылдан 15.12.2016 жылға дейін алимент бойынша борышкердің қарызы 1 899 946 тенгені құраған. Алайда Байзақ аудандық прокуратурасы және жеке сот орындаушысы Д.Алибековтың жасаған жұмыстары арқасында борышкерден менің пайдама 1000 000 ( бір млн) теңгеге өндірілді. Сол себепті Сізге және Сізге бағынышты Байзақ ауданы прокуратурасының  қызметкерлеріне алғысым шексіз екенін білдіремін. Қазақстан Республикасында «Алимент төлемеуге қарсы 30-қадам» жобасының іске асырылып жатқандығының нәтижесі деп білемін.  Борышкер қалған алимент бойынша берешегін жақын арада төлеуге уәде берді.

   Алғыс білдіруші  Бозогулова З.Д.