Алғыс хат. Байзақ ауданы.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жамбыл облысының прокуроры Е.М.Сыбанкуловқа

     Мен Ембердиева А.Б. борышкер Жарылқасынов Бақтияр Жарылқасыновичтен соттың шешіміне сай, ортақ қызымыз Жарылқасын Ардананы асырап бағу үшін менің пайдама алимент өндірілген. Борышкер Жарылқасынов Бақтиярдың алимент бойынша жалпы қарызы 531 276 теңгені құраған. Соңғы кездері борышкер алимент төлеуден жалтарып жүрген болатын. Байзақ аудандық прокуратурасы «алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын жүзеге асыру барысында борышкердің көлік құралын басқаруға құқығын уақытша тоқтату туралы ұсынысты жеке сот орындаушы арқылы сотқа жолданып, нәтижесінде борышкер Жарылқасынов алимент бойынша берешегін төлеуге мәжбүр болды.

Құрметті прокурор мырза!

      Қызметкерлеріңіздің яғни Байзақ ауданының прокуроры Б.Телеуге және аудандық прокуратураның прокуроры Қойкеноваға ерекше алғыс жариялауыңызды сұраймын. Біз сияқты ана мен баланың құқығын қорғап отырған осындай азаматтардың барына қуанамын және ризашылығымды білдіремін. Осы алғысымды елеусіз қалдырмай аталған қызметкерлерге ерекше алғыс жарияласаңыз екен. Себебі мен сияқты мұқтаж анаға көмегін аямауда. Осы кісілердің арқасында борышкер алимент бойынша қарыз 531 276 (бес жүз отыз бір мың екі жүз жетпіс алты теңге) төлеп қарызынан құтылып, өзінің әкелік міндетін сезінгені дұрыс болды. Сіздердің ерең еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт және денсаулық тілеймін.

Ізгі ниетпен: Айнұр Бақытқызы