Алғыс хат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        Мен, Тыныстамов Абыл Қалметұлы,1953 жылы туылған,1-ші топтағы мүгедек сіздің қызметкеріңіз Тілешов Нұрсұлтан балама шын ниетіммен алғысымды жеткізейін деп едім. Нұрсұлтанның болашағы зор, ер азамат «отызында орда бұзады, ол қырқында қырқадан асады демей ме қазақ халқы. Тілешов Нұрсұлтан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін өте тәрбиелі, адамгершілік қасиеті жоғары, білімді азамат. Міне, сондықтан сізден өтініп сұранамын Тілешов Нұрсұлтанға менің атымнан алғыс жариялауыңызды сұранамын. Өтінішімді  қанағаттандырасыз деген ойдамын.