Қылмыстық топтың серкесі сотталды.

13 мамыр 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

13.05.2014 жылы Тараз қаласының №2 сотының үкімімен А.Мешелов ҚР ҚК-нің 235-4 бабының 1 бөлігімен, 259 бабының 1-1 бөлігімен, яғни ұйымдасқан топ пен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметін қаржыландырған және есірткі заттарды өте ірі мөлшерде заңсыз сақтаған үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру мен мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды. Қылмыстық іс Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасымен тергелген. Істің сотпен қарау қорытындысы бойынша облыс прокуратураның арнайы прокурорлар басқарма бастығы Ж.Батыров пен Тараз қаласының №2 сотының судьясы А.Исабаева бірігіп, республикалық бұқаралық ақпарат құрал тілшілері қатысуымен брифинг өткізді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу