Жұмысшылардың еңбек құқықтары прокуратураның бақылауында

05 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жұмысшылардың еңбек құқықтары прокуратураның бақылауында - 1401607989

       Жамбыл облысы прокуратурасымен тұрақты негізде азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне, оның ішінде жалақыны уақытылы төленуіне әрдайым талдау жүргізіледі.

       Тек ағымдағы жылдың бір жарым айында 2805 жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалып, 158,5 млн. теңге еңбекақыларының төленуі қамтамасыз етілді.

       Мысалы, Жамбыл ауданы прокурорының ықпал ету шараларымен 44,1 млн. теңгеге «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-нің             440 қызметкері алдында жалақы бойынша берешегі өтелді.

       Сондай-ақ, Жуалы, Талас, Сарысу және Т.Рысқұлов аудандарының прокурорлары 2359 еңбеккердің алдындағы 98,2 млн.теңге еңбекақысы төлетілді.

       Қадағалау актілерінің негізінде 5 кінәлі тұлға (3 білім беру бөлімінің басшысы, 2 кәсіпорын директоры) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 997 875 теңге айыппұл салынды.

         Сонымен қатар, 13.02.2019ж. облыс прокурорының бірінші орынбасарының төрағалығымен Мемлекеттік кіріс департаменті мен еңбек инспекциясы басшыларының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

          Кеңес қорытындысымен алдағы уақытта қызметкерлердің алдында берешектердің пайда болуына жол бермеу жөнінде нақты іс-шаралар әзірленіп, орындау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

          Бұл қадағалау саласы бақылауда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу