Жамбыл облысының сотталғандарынан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 2,5 млн. Теңгеден астам қаржы өндірілді.

07 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының сотталғандарынан жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 2,5 млн. Теңгеден астам қаржы өндірілді. - 2109636732

       «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы» Заңының мәжбүрлеу төлемдерін қолдану тәртібін реттейтін ережелері күшіне енген сәттен бастап Жамбыл Облысының соттары қорға 98 сотталушыдан 2,5 млн. Теңгеге жуық сомаға қаражат өндіріп алды.

       Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 10 қаңтарында Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойылды, ол қылмыстан зардап шеккен адамдарға біржолғы ақша төлеу жолымен материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін құруға бағытталған.

       Заңның негізгі мақсаты жәбірленушілердің құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін қалыптастыру, жәбірленушілерге немесе олардың өкілдеріне біржолғы тіркелген ақшалай соманы төлеу түрінде материалдық көмек көрсету жөніндегі қаржы құралын құру болып табылады. Мұндай төлем тек қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдарына ғана қатысты.

        Осылайша, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап сотталған адамдардан Жәбірленушілерге өтемақы қорына қосымша мәжбүрлеп төлемдер өндіріп алынады және бұл қаражат қажетті құжаттарды ұсынған кезде 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыс құрбандарына төлей бастайды.

         Өтемақы алу құқығы жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кәмелетке толмаған адамдарға, азаптаудың және адам саудасының құрбаны болған, сондай-ақ денсаулыққа ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ ЖИТС) жұқтырған адамдарға берілген.

         Бұдан басқа, Заңда жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның өкілі құқығы берілген адамдардың өтемақы алуын көздейді.

         Сонымен қатар, Заңмен шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға оларды жәбірленуші деп таныған сәттен бастап өтемақы төлеу көзделген.

         Өтемақы төлеу қылмыстық істі тергеген қылмыстық қудалау органына заң қолданысы түсетін адамдар жүгінгеннен кейін жүргізіледі.

         Өтемақы тағайындау туралы не одан бас тарту туралы шешімді уәкілетті мемлекеттік органның басшысы қабылдайды, ал жәбірленушінің не осындай құқықтар берілген адамның өтінішін қарау мерзімі тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайды.

         Жәбірленушіге не жәбірленушінің құқығы берілген адамға өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртәппен шағым жасалуы мүмкін.

        Бұл заңда кінәлі адамдардан өндіріп алынатын мәжбүрлі төлемнің мөлшері көзделген.

       Сот үкімімен теріс қылық жасағаны үшін сотталушыдан айлық есептік көрсеткіш  (АЕК), ауыр емес қылмыс жасағаны үшін 10 АЕК, орташа ауырлығы үшін 15 АЕК, ауыр қылмыс жасағаны үшін 20 АЕК және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 30 АЕК өндіріп алынады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу