Жамбыл облысының прокурорлары жер заңнамасының бұзушылықтарын анықтады

03 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокурорлары жер заңнамасының бұзушылықтарын анықтады - 2043530516

Жамбыл облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасының сақталуына ерекше көңіл бөлуде.

Жергілікті атқарушы органның қызметіне жүргізілген талдау жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында құзырлы органдармен жүргізілетін жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз екендігін көрсетті.

Атап айтқанда, 1,6 мыңнан астам көлемі 304 мың га пайдаланбайтын жер учаскелері анықталды, (оның ішінде көлемі 125 га жуық коммерциялық мақсаттағы 179 жер учаскелері), олардың кадастрлық құны 3,4 млрд. теңгені құрайды. 

Тек прокуратураның араласуының нәтижесінде мемлекеттік жер қорына көлемі 34,8 га астам 414 жер телімі қайтарылды. Қазіргі уақытта көлемі 205 мың га астам 872 жер телімі игерілді.

Барлығы 32 заң бұзушылық анықталып, 24 ұсыну енгізілді, 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке және 34 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жер телімдеріне қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 4 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу