Жамбыл облысының прокурорлары жедел-іздестірудің тиімділігін тексерді

08 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокурорлары жедел-іздестірудің тиімділігін тексерді - 1491923580

Жамбыл облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде ішкі істер органдарының жедел-іздестіру іс-шараларының  заңдылығы мен тиімділігін тексеру нәтижелері талқыланды.

  Ағымдағы жылы прокуратураның органдарының үйлестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесімен облыстағы уәкілетті органдарыдың іздестірілушілердің санын (140-тан 72-ге) және хабар ошарсыз жоғалған адамдардың санын (116-дан 67-ге дейін) екі есеге қысқартуға мүмкіншілік берді.

  Сонымен қатар, тексеру барысында  ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметінде жекелеген кемшіліктерді анықтады.

 Мәселен, прокурорлар тексеру барысында іздеуде жүрген 10 адамның, оның ішінде сот шешімі бойынша 5 жылдан астам іздеуде жүрген бір борышкердің мекенжайын жеке анықтай алды. Белгілі болғандай, ер азамат соңғы 30 жылда тұрғылықты жерін өзгертпеген.

Полиция қызметкерлері танылмаған мәйіттердің  жеке басын анықтау кезінде қылмыстарды жасыру фактілері орын алған.

Мысалы, 2013 жылы Тараз қаласыда танылмаған мәйіттін анықтау фактісі бойынша іздестіру ісі жүргізіліп, тергеуге дейінгі тексеру материалдары бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданды.  Материалдарды зерделеу кезінде прокурорлар адамның  ауыр жарақаттарды алу нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады. Осыған байланысты, осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының  3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тексеру нәтежелері бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы 8 ұсыну енгізілді, 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, актілердің бір бөлігі қарауда.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс прокурорлары өндірістегі іздестіру істеріне тексеріс жүргізуді, олар бойынша жаңа іс-шаралар жоспарын жасауды және адамдарды тиімді іздестіру шараларын қабылдауды тапсырды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу