Жамбыл облысының прокуратурасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтті

14 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокуратурасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтті - 97968770

А.ж. 11 қазанында Жамбыл облысының прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойы аясында «Абай оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

Оған 15 прокуратура қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады.

Жиынды ашқан облыс прокурорының орынбасары Руслан Исаев, Абай мұраларын кеңінен дәріптеу арқылы жастардың бойында елжандылық қасиет қалыптастырудың маңыздылығын атап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бұл бастама арқылы прокуратура қызметкерлері ақынның шығармашылығына сусындап, өлеңдерін жаттауға асықса, енді бірі кітап бетін парақтады.

Осылайша, алғашқы айналымда прокурорлар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен жыр төгілтсе, екінші кезеңде Абай әндерін шырқады.

Осылайша әділ қазылар алқасы өзара кеңесе келе, лайық деп тапқан қатысушыларға жүлделі орындарды табыстады.

 І орынды Жамбыл облысы прокуратурасының 2 басқарма прокуроры Ғани Құрманов иеленді. Ал, ІІ орын облыс прокуратурасы 3-ші басқарма прокуроры Асылхан Тілешов лайық деп танылса, ІІІ- орынды Тараз қалалық прокуратурасының прокуроры Мейржан Рыспанов жеңіп алды. Сонымен қатар, көрермендер қалауы жүлдесіне Жамбыл облысы прокуратурасының мұрағатшысы Айгерім Сабденбаева ие болды.

Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға  арнайы ынталандыру Алғыс хаттары мен Абайдың қара сөздері жинағы табысталды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу