Жамбыл облысының прокуратурасында 2018 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды

05 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокуратурасында 2018 жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды - 1007930477

Жамбыл облысының прокуратурасы өткен жылдың жұмыс қорытындысын талқылап, алдағы мерзімге міндеттерді белгіледі.

Алдын алу шараларымен, соның ішінде «Мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау», «Қауіпсіз Тараз» жобаларын іске асыру аясында өңірдегі криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартуға қол жеткізілді. Жасалған қылмыстар саны 21,5%-ға (12487-ден 9804-ке дейін), оның ішінде ұрлық 21,7%-ға (7068-ден 5536-ға дейін) қысқарды.

Қылмыстық қудалау органдарының ақпараттарды есепке алу кітаптарын зерделеу және оқиғаның нақты мән-жағдайымен салыстыру арқылы 75 жасырылған қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тексеріс барысында 13 млн. теңгеден астам сомаға қылмыстық істер бойынша тартылған аудармашыларға негізсіз ақша қаражатын артық төлеу фактілері анықталды, қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеу жүргізуде.

5 азаматты қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тарту фактілері жол берілмеді.

Мемлекетке қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген                    2 млрд.теңгеге залал өтелді.

Қылмыстық құқықтық саланы ізгілендіру аясында 32,4%-ға (820-дан 554-ке дейін) күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану қысқартылды.

Цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде, 1,2 мыңнан астам қылмыстық іс электрондық форматта тергелді.

Пробация қызметінің есепке алу жұмысы бойынша қайта жасалған қылмыстардың саны 2 есеге (77-ден 40-қа дейін) қысқарды.

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында жол берілген бұзушылықтар үшін 1,5 мың лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Мемлекетке 1,5 млрд.теңге көлемінде қаражат өндірілді,                300 млн.теңгеден астам сомаға мүлік қайтарылды.

Тек прокуратура араласқаннан кейін ғана мүмкіндігі шектеулі           5 мыңнан астам адам кепілді әлеуметтік көмек көлемін пайдалана алды.

Мысалы, 1,3 мың азаматтарға протездік-ортопедиялық құрамдар беру қамтамасыз етілді, 222 адамға 6,5 млн.теңгеге заңсыз ұсталған салықтар қайтарылды.

Жер қатынастары саласында ықпал ету шараларымен мемлекетке құны 300 млн.теңгеден асатын 37 гектар жер қайтарылды.

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша 16 сот актісі заңға сәйкес келтірілді.

Құқық қорғау қызметінің орталығында 4,4 мың азаматқа құқықтық көмек көрсетілді, оның ішінде прокурорлармен 2,2 мың.

Отырыс қорытындысы бойынша қадағалау қызметін күшейту жөнінде нұсқаулар беріліп, алдағы жылға арналған басым міндеттер айқындалды.
 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу