Жамбыл облысының прокуратурасы өткізген конкурстың қорытындысы

19 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокуратурасы өткізген конкурстың қорытындысы - 372148257

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына 25.04.2019 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры - 1 бірлік, Жуалы ауданы прокуратурасының прокуроры - 2 бірлік және Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры - 1 бірлік бос лауазымдарына конкурс жарияланған.

Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа қатысу үшін 28 үміткер өтініш білдірді.

Конкурстық комиссия үміткерлердің жеке, моралдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалай отырып, жарияланған бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары мен функционалдық міндеттерін негізге алып, әңгімелесу әрбір үміткермен жеке өткізіліп және техникалық жазу құралдарының көмегімен үміткерге ескертіле отырып бекітілді.

Әңгімелесудің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия үміткерлерді тағылымдамадан өтуге 19 үміткер лайық деп шешім қабылдады.

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары туралы Ережесіне сәйкес, конкурстық комиссия қорытынды отырысты өткізу нәтижелері бойынша мына шешімдерді қабылдады:

- жарияланған бос лауазымға тағайындауға 4 үміткер ұсынылды (Сейдалиев Аскар Амирбекулы, Сагилаева Динара Манатқызы, Телеуов Санжар Маратұлы, Баубеков Сәдуақас);

- бос орынға орналастыру резервіне енгізуге 12 үміткер ұсынылды (Абидов Сардор Нурмухамматович, Кусаинов Алихан Габитул, Кожабеков Дамир Советович, Сапарбекұлы Сансызбай, Закарья Динмухамед Нурланулы, Оналбек Ғалымжан Маханбетжанұлы, Уалиханов Әкімбек Сабитұлы, Жунусалы Нурсаятхан Батырханулы, Тілешов Еркебұлан Ермаханұлы, Баймакаш Мақсат Қайратұлы,  Токтаев Серик Сейдакапарулы, Тлеубеков Фурхат Мар-Ленович.

- жарияланған бос лауазымға тағайындаудан 3 үміткерге бас тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу