Жамбыл облысының Құқық қорғау қызметтері орталығында бір жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындылары

10 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының Құқық қорғау қызметтері орталығында  бір жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындылары - 1201688513

2017 жылдың 15 желтоқсанынан бастап азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру мақсатында Жамбыл облысы прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында құқықтық мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырылуда.

        Осы мерзімде Орталыққа 4,2 мыңнан астам азамат келіп, оның ішінде 2,1 мыңнан астам адамды прокурорлар жеке қабылдады.

        Адвокаттардың тегін қызметтерімен 1 мыңнан астам адам пайдаланса, медиаторлар 287 азаматқа кеңес беріп, 11 медиативтік келісім жасады, әділет қызметкерлерімен 432, ал әкімдік қызметкерлерімен 227 адам қабылданды.

        800-ден астам келушіге құжаттарды дұрыс рәсімдеуге көмек көрсетілді (талап-арыздар, өтініштер және т.б.) .

       Прокуратура, «Нұр Отан» ХДП филиалының және басқа да уәкілетті органдардың басшылықтарымен Орталықта жүйелі түпде жеке қабылдау өткізілуде.

        Бұдан басқа, жер, экология және салық қатынастары саласындағы сарапшыларды тарта отырып, азаматтарды қабылдау жүзеге асырылған 7 іс-шара өткізілді.

         Орталық қызметінің тиімділігі оның өңір тұрғындары үшін нақты көмегінің куәсі ретінде прокуратура басшылығына арналған хаттар мен пікірлер дәлел.

         Мысалы, Орталық қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуінің арқасында, төлеуден іс жүзінде босатылған ІІІ-топ мүгедекгінен негізсіз ұсталған салық сомасы қайтарылған.

         Атап айтқанда, дәл осы жерде азаматтар өздерінің өтініштерін беріп, бұрын берілген өтінішті қарау барысы жайлы біле алады, облыс басшылығының жеке қабылдауына жазыла алады, сондай-ақ басқа да білікті заң көмегін ала алады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу