Жамбыл облысындағы Шу ауданының тұрғындарына ауыз су тарифі төмендетілді

27 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысындағы Шу ауданының тұрғындарына ауыз су тарифі төмендетілді - 1525452529

Шу ауданаралық прокуратурасымен "Ауыз су-Шу" мекемесінің қызметіне тексеріс жүргізіліп нәтижесінде тарифтердің негізсіз өсуіне әкеп соқтырған шығындар сметасын орындамау фактілері анықталды.

Қабылданған шаралармен а.ж. 1 мамырынан бастап Шу қаласы мен Төле би ауылының тұрғындары үшін жаңа өтемдік тариф енгізілді. Енді ауыл адамдары үшін ауыз судың 1 текше метрі 5 теңгеге (48,5-тен 43,49 теңгеге дейін), кәсіпкерлер үшін 21,73 теңгеге (210,46-дан 188,73 теңгеге дейін) төмендетілді. 

Осылайша Шу ауданында 50 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен аталған мекеменің директоры ҚР ӘҚБтК 164-бабының 5-бөлігімен 252 580 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұлға тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу