Жамбыл облысында түзеу мекемелеріндегі проблемалық сұрақтар талқыланды

16 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысында түзеу мекемелеріндегі  проблемалық сұрақтар талқыланды - 600842686

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Жамбыл облысының прокуратурасында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаны орындау мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараға қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті төрағасының орынбасары М.А Аюбаев, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.С. Орынбеков, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.

Жиын барысында түзеу мекемелердегі проблемалар мен кемшіліктер, сондай-ақ мекеме қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері атап көрсетілді.

Облыс прокуроры барлық органдарының өзара іс-әрекетін, сотталғандардың конституциялық құқықтарын, жазаны жеңілдету және оның орындалуын өзгерту туралы өтінішті қарау кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді талап етті.

Бұл ретте негізгі мәселелері сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету болып табылатындығы, бұл оларға келтірілген залалды өтеуге мүмкіндік беретіндігі көрсетілді.

Осы проблемалардың тиімді шешімі, түзеу мекемелердегі бос тұрған өндірістік алаңдарға кәсіпкерлік субъектілерін тарту болып табылады.

Отырыс қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.