Жамбыл облысында прокурорлардың балаларына арналған ашық есік күні өтті

09 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысында прокурорлардың балаларына арналған ашық есік күні өтті - 385757726

Жамбыл облысы прокуратура органдарының құрылғанына 80 жыл толуына орай ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде қызметкерлердің балаларына "ашық есік күні" акциясы ұйымдастырылды.

Балалар облыстық прокуратура ғимаратымен, сонымен қатар мұражаймен танысты, онда тарихи құжаттарды, фотосуреттерді және басқа да қызықты экспонаттарды тамашалады.

Балаларға Жамбыл облысы прокуратурасының құрылу тарихы және прокурор болып жұмыс істеген Бауыржан Момышұлының ерліктері туралы айтылды.

Іс – шара аясында үздік сурет байқауы өткізілді, оған 30-дан астам бала қатысты, жеңімпаздарға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

 Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақты тәрбиелеуге оң әсер етеді, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастырады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу