Жамбыл облысында электр энергиясына тарифтер төмендетілді

07 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысында электр энергиясына тарифтер төмендетілді  - 281046300

       Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап халық пен кәсіпкерлер үшін электр энергиясы тарифі төмендетілді.

       Облыс прокуратурасының тесеруі энергия үнемдеуші ұйым – «Жамбыл Жарық Сауда-2030» ЖШС іс-әрекеттеріндегі бұзушылықтарды анықтады.

      «Жамбыл  Жарық  Сауда-2030» ЖШС табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын бұза отырып, электр энергиясын тасымалдау бойынша өз шығындарын асыра отырып, халықтан негізсіз 120 млн.теңге өтемақы алды.

       Жамбыл облысы прокуратурасының әрекет ету актілерін қарау нәтежелері бойынша  электр энергиясының тарифі киловат үшін 16,72 теңгеден 16,17 теңгеге дейін төмендетілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу