Жамбыл облысында 10,5 мың тұтынушылардың құқықтары қорғалды

23 шілде 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысында 10,5 мың тұтынушылардың  құқықтары қорғалды - 947763153

Жамбыл ауданы прокуратурасымен экологиялық заңнаманы қолдану саласында жергілікті атқарушы органның қызметіне талдау жүргізілді.

Нәтижесінде 10,5 мыңнан астам тұтынушылардың құқықтары бұзылып, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі 38 пайызға негізсіз жоғарлатылу фактісі анықталды.

Бұған себеп болған тарифті аудандық маслихат шешімімен қабылдау кезінде 01.09.2016 жылғы энергетика Министрінің «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес келмеуі.

Қазіргі таңда, ден қою актісінің негізінде маслихаттың заңсыз шешімінің күші жойылып, тариф 150 теңгеден 93,91 теңгеге дейін төмендетілді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу