Жамбыл облысы прокуратурасының шекара аумақтағын қадағалауы

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысы прокуратурасының шекара аумақтағын қадағалауы - 1678392895

         Ауданның географиялық жағдайын ескере отырып, қадағалау қызметіндегі Меркі прокурорлары заңсыз көші-қонның алдын алуын және мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактілерін анықтап, тыйым салынған заттар мен тауарларды тасымалдауға жол бермеу мәселелеріне үлкен көңіл бөледі.

         Жыл басынан облыс прокуратурасымен келісілген аудан прокурасының бастамасымен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары және ішкі істер департаменттерімен мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған заттардың, оның ішінде малдардың жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары іске асырылды.

         Осы жұмыстың нәтижесінде, ағымдағы жылдың сәуір айында аудан аумағында  «Аспара» шекара заставасының бастығына – аз.  Д-ға,  13 бас ірі қара малды заңсыз шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру үшін 39 мың тенге пара беру кезінде екі қазақстандық ұсталды.

         Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп, кінәлілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстың 367-бабының 3-бөлігімен сараланған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында прокуратура жолдаған ұсынысты сот қолдап, сот талқылауын көрсету процесі форматында өткізіп, отырысқа ауылдық округ әкімдері мен ақсақалдарының қатысуы қамтамасыз етілді.

Сот үкімімен сотталушыларға параның қырық еселенген сомасы, яғни 1 560 000 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Мал айдауға қатысы бар басқа 4 тұлғаға шекара аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз болғаны үшін және мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл тағылды.

Меркі соты аудан прокуратурасының оң қызметін атап өтіп, марапаттау сипатындағы жекеше қаулы қабылдап жолдады.

 

                  Жамбыл облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу