Жамбыл облыс прокуратурасы екі айлық жұмысын қорытындылады

05 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облыс прокуратурасы екі айлық  жұмысын қорытындылады - 567788353

Ағымдағы жылдың 4 наурызында Жамбыл облыс прокуратурасындағы жедел кеңесте а.ж. 2 айының жұмыс қорытындысы талқыланып, алдағы кезеңге міндеттер белгіленді.

Облыстағы крименогендік жағдай қылмыстылықтың 24 пайызға (1866-дан 1419-ға), оның ішінде ұрлық 43 пайызға (929-дан 529-ға), алаяқтық   19,2 пайызға (177-ден 143-ке), қарақшылық 20 пайызға (5-тен 4-ке) төмендеген.

Қылмыстылықтың ұйымдасқан нысандарымен, көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың үйлестірілуі күшейтілді.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың қадағалау актілерінің негізінде 155 заң бұзушылық жойылды.

Бюджетке келтірілген 78,1 млн. теңге көлемінде шығын өтелді,  сондай-ақ  құны 90,1 млн. теңгеге мүлік қайтарылды.

1,1 мың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша  мемлекеттік айып қолданды және қатысу қамтамасыз етілді.

Ден қою шараларымен мемлекет пайдасына өндіру туралы сот актілері 39,4 млн. теңгеге орындалды, еңбекақы берешегі  63 млн. теңгеден 13,6 млн. теңгеге төмендетілді.

Прокуратура органдарына деген халықтың сенімін арттыру мақсатында Құқық қорғау қызметтері орталығында жыл басынан бері құқықтық қарым-қатнастардың түрлі салалары бойынша азаматтарды қабылдаудың 4 акциясы өткізілді.

Шағымдарды сапалы қарау мәселелері әрдайым бақылауда, өткен  2 ай ішінде прокурорлар әр түрлі мәселелер бойынша 1 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдады.

Кеңес қорытындысымен, облыс прокуратурасының қызметкерлеріне қадағалау тиімділігін одан әрі арттырып, Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмаларын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойылды.