Заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында

05 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында - 1864676980

Жамбыл облысы Меркі ауданының прокурорлары мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау тәжірибесіне талдау жүргізілді.

Бірқатар жағдайларда азаматтардың заңсыз көші-қонын ақшалай сыйақыға белгісіз тұлғалар ұйымдастырғаны анықталды.

Осындай фактілердің алдын алу мақсатында аудан прокуратурасымен ҰҚК-нің Шекара қызметінің аумақтық әскери бөліміне аталған бағытта кешенді жедел іс-шаралар өткізу туралы тиісті тапсырма жолданды.

Нәтижесінде, 2018 жылдың 18 қарашасында Меркі ауданы Андас батыр ауылының тұрғыны ұсталды, ол 300 АҚШ доллары көлемінде шекарадан заңсыз өту үшін екі азаматқа көмек көрсетуге ниет білдірген.

Ауданнық соттың 2019 жылғы 8 қаңтарындағы үкімімен кінәлі            ҚК-нің 394-бабының 1-бөлігі бойынша заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Осындай қылмыстардың алдын алу үшін іс бойынша сот отырысы ақсақалдар кеңесі мүшелерінің және бірқатар ауылдық оқруг әкімдерінің қатысуымен өткізілді.

Өткен жылы ауданда заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың 7 фактісі орын алды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу