Тараз қаласының прокуроры тағайындалды

25 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Тараз қаласының прокуроры тағайындалды - 150683713

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 19 ақпандағы №30/6 бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Елдос Тұрғынбайұлы Әмірхан Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Әмірхан Е.Т. 1976 жылы 8 сәуірде туылған. Прокуратура органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді.

Бұрын Жамбыл облысы прокуратурасының соттарда мемлекет мүддесін өкілдік ету жөніндегі басқарманың аға прокуроры және Бас прокуратураның соттарда мемлекет мүддесін өкілдік ету жөніндегі және прокурорлардың ұсыныстарын қарау жөніндегі департамент басқармасының аға прокуроры, өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау туралы және заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі топтың - Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың шілде айынан бастап Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталығының Бас - Прокурордың аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу