Шудың прокурорлары сотталғандарға қылмыстық заңнаманың ізгілендіру туралы соңғы өзгерістерін түсіндірді.

17 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шудың прокурорлары сотталғандарға қылмыстық заңнаманың ізгілендіру туралы соңғы өзгерістерін түсіндірді. - 1684067531

Шу ауданының прокурорлары пробация қызметінің  есебіндегі сотталғандармен кездесіп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   31 шілдеден бастап қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған заң нормалары күшіне енді.

         Аталған түзетулер күш көрсетумен байланысты емес қылмыс жасағаны үшін сотталғандарға жаза мерзімін төмендетуге және жазаны өтеу жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

         Бүгінде барлық қылмыстық істер мен үкімдерге ревизия жасалып, олардың уақытылы қаралуы және заңды шешімдер қабылдануы қамтамасыз етілуде.
         Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлеріне кесілген сотталушылар арасынан жаңа Заң қолданылуы мүмкін 19 адамға қатысты материалдар сотқа жолданып, оның 2-уі қаралып сотпен қанағаттандырылды.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу