Прокуратура: синтетикалық есірткі, ЖКО және көші-қон

11 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура: синтетикалық есірткі, ЖКО және көші-қон - 1698228449

2019 жылдың 29 тамызында Жамбыл облысы прокуратурасында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда  бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Солардың бірі синтетикалық есірткі және психотроптық заттардың таралуына қарсы күрес.

Облыс прокуроры Жарқын Құсайынов атап өткендей, есірткі және есірткіні заңсыз айналымы қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, жынысына немесе дініне қарамастан қылмыстың көбеюіне әкеледі, зорлық-зомбылықтың өсуін туындатады.

Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі көпке танымал, оған жастардың көбі бейім.

Ағымдағы жылы уәкілетті органдар синтетикалық есірткілерді таратумен байланысты жарнаманы орналастырған сайттарды анықтап, олардың барлығы бүгінгі күні бұғатталған.

Тараз қаласының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларындағы кодтық сөзі мен драг-дирлердің байланыс нөмірлері бар граффити жазулар алып тастау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде ұйымдастырылуда.

Біздің өңір мұндай препараттарды пайдалану нәтижесіндегі елеулі проблемаларға, яғни өлім немесе өзге де ауыр зардаптарға тап болған жоқ. Осыған дейін жеткізбей, бұл қылмыс түрін бастапқы сатысында жою қажет.

Осыны ескере отырып, жағдайды түзету мақсатында құқық қорғау, арнайы және өзге де мүдделі органдар мен ұйымдар арасындағы өзара             іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар әзірленді.

Тағы да талқыланған өзекті тақырып жол-көлік оқиғалары.

Халықаралық сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес, жүрек ауруы мен табиғи катаклизмдерге қарағанда жол-көлік оқиғаларынан көп адам көз жұмады. Соңғы 5 жылда  Қазақстан да ЖКО салдарынан қаза тапқандардың өсуі байқалады.

Жамбыл облысындағы жағдай алаңдаушылық  туғызады. 2018 жылы және а.ж. 7 айдың ішінде аймақта 1300-ден астам ЖКО тіркелді, қайтыс болған адамдар саны 145 . Түрлі дәрежедегі жарақат алған адамдардың саны 2 мыңнан асады. Бұл статистика біздің облысты үш көшбасшылардың қатарына қосты.

Апаттылық себептеріне жүргізілген талдау жол қозғалысы қауіпсіздігіне ішкі істер органдарының  материалдық-жабдықтарының төмендігі, көлік құралдарының тозуы мен техникалардың қанағаттанғысыз жай-күйі және қолданыстағы көлік инфрақұрылымының нашарлау факторлары әсер ететінін көрсетті.

Оған қоса, жүргізушілердің тәртібінің төмендігі жол-көлік оқиғаларының себебі болып отыр, өйткені ЖКО-ның 99 пайызы жүргізушілердің кінәсі бойынша жасалады.

2019 жылы ЖКО-ға әкелген ең жиі бұзушылықтар, ол жылдамдық режимін бұзу, қарсы қозғалыс жолына шығу және мас күйінде көлік жүргізу болып табылады. Талдаумен бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдар да жасаған ЖКО анықталды.

Уәкілетті органдар қабылдайтын шаралар әлі де жеткіліксіз болғандықтан республикалық маңызы бар көлікжолдарда ЖКО шоғырлануы бойынша 32 авариялық-қауіпті учаскелері анықталды.

 Үшінші мәселе болып құзырлы органдармен көші-қон заңнамаларын сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды.

 Осы саланың маңыздылығына қарамастан, уәкілетті органдармен көптеген заң бұзушылықтарға жол беріледі, атап айтқанда, ұлты туралы дұрыс емес мәліметтерді көрсету арқылы азаматтық беру, өтініш беруші елден тыс болған жағдайда азаматтық беру, ТМД елдерінің ӀӀМ-нің бұрынғы қызметкерлері формальды түрде азаматтық алуы.

Осы және басқа да кемшіліктерді болдырмау мақсатында қадағалау органымен кеңестің қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен іс-шаралар айқындалып, хаттамамен бекітіліп, орындау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу