

Ойын тәуелділігі байқалған азаматтардың ауыр қылмыс жасау фактілерінің анықталғанына байланысты Шу ауданаралық прокуратурасымен ойын бизнесінің заңсыз ұйымдастырылуының жолын кесу бойынша шаралар қабылданды.
Мысалы, ауданда қойма меңгерушісі 8 млн. теңгені жымқырып, ол үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, зерттеу барысында анықталғандай соңғы ақшасын 5-6 күннің ішінде букмекерлік кеңседе ұтылған.
Осыған ұқсас, мал шаруашылығы қызметкері букмекерлік кеңседе 5 млн.теңгеге бөтен мүлікті жұмсаған.
Сондықтан, прокурор алдын ала Мемлекеттік кірістер басқармасында ауданда тіркелген букмекер кеңсесінің тек бір ғана болуын анықтап, уәкілетті органдармен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырды.
Нәтижесінде, дүкенде және қонақ үйде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың екі фактісі анықталды, онда 15 компьютер мен 13 процессор тәркіленді. Кінәлі адамдар ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа жолданды.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 11 фактісі тіркелген, оның ішінде 10 іс сотқа жолданып, қазіргі уақытта 2 азамат түрлі жазаға тартылды.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу