Прокуратура қалыңдықтың ұрлығы үшін 15 жылға дейін сотталу мүмкіндігін түсіндіреді.

25 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура қалыңдықтың ұрлығы үшін 15 жылға дейін сотталу  мүмкіндігін түсіндіреді.  - 103326339

Қазақтардың әйелдерге деген құрметі әрқашан жоғары болған, сондықтан жастардың бойында осындай жағымды құндылықтарды тәрбиелеу қажет.

Кез келген ел үшін ата-бабалар дәстүрі тарихтың мызғымас бөлігі болып табылады, сондықтан оларды әрбір азамат есте сақтап, қастерлеуі тиіс. Ата-бабалардан салған тамсанар дәстүрлер қазақ халқында өте көп, бірақ қазіргі заман жағдайында олардың кейбіреулерін жастар дұрыс түсінбейді.

Яғни, Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қызды ұрлағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал автокөлік қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынды.

Оқиға 2018 жылдың күзінде жігіттің Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын қызбен танысуынан басталған.

Жастардың әлеуметтік желілер арқылы қысқа қарым-қатынасы, жігітте  қызды алып қашу ойы пайда болуына әкелді. Ұзақ ойланбастан жігіт үйлену мақсатында, өзінің үш танысымен келісіп, Қордай ауданына автоколікпен келді.

Келген соң, ұялы телефонға қоңырау шалып, қызға кездесуді ұсынды, бірақ ол бас тартты.

Алып қашу ойын қалдырмай, жастар қыздың үй жағында күтіп, оны көшеде қарсы алды.

Қыздың қарсылық көрсетіп бас тартуына қарамастан, олар оны көлікке күштеп салып, Түркістан облысына жол тартады. Алайда полиция қызметкерлерімен Тараз қаласының шыға берісінде ұсталады.

Егер бұрын қалыңдықтың ұрлануы қазақ дәстүрлерінде болса, қазіргі заман талабы бойынша ол қылмыс болып табылады. 

Осыған байланысты облыс прокуратурасы жігіттердің қызды алып қашуы сияқты ойланбай істеген іс-әрекеттері үшін он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылып, ауыр зардаптарға ұшырауы мүмкін екендігін түсіндіреді.

        Бұл ретте, ұрланған адамды өз еркімен босатқан адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу