Мал ұрлығымен күрес!

05 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Мал ұрлығымен күрес! - 246817812

Жамбыл облысы прокуратурасымен ұйымдастырылған, бөтен мүлік ұрлығының алдын алуға, жол бермеуге және ашуға бағытталған «Барымташы» рейдттік іс-шара аясында өткен жылы 2 108 мал бастарының заңсыз тасымалдау 205 дерегі анықталған.

Нәтижесінде 245 кінәлі тұлғаға 7 659 925 теңге көлемінде  әкімшілік айыппұл салынған.

Бұл рейдттік шаралар полиция департаменті және шекара қызметімен бірлесе отырып жүргізілген.

Ағымдағы жыл басынан бастап мал ұрлығы 34,8% (46-дан 30-ға дейін) төмендеген.

Қабылданған іс-шараларға қарамастан, азаматтармен өз мүліктерінің және малдарының қорғау деңгейі әлдеде төмен.

Осыған орай, Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды малдарды қараусыз қалдырмай қырағы болуға шақырады.

Сонымен қатар, қараусыз қалдырылған малдар жол-көлік оқиғаларының бірден-бір себепкері болатынын ескертеміз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу