Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қабылдау

18 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қабылдау - 529385637

Бүгін, Жамбыл облысы прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау қызметтері орталығында прокурорлардың ұйымдастыруымен, әкімдік, миграция, білім бөлімі, жұмыспен қамту, пробация және басқа да құзырлы органдардың басшыларымен  бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға тартылған тұлғаларға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді.

Қашық аудандарда тұратын азаматтар бейнеконференц байланыс арқылы қабылданып, туындаған сұрақтары бойынша сапалы заң түсіндірмелерін алды. 

Барлығы қабылдауға отыздан астам сотталғандар қайырылды.

Азаматтардың қайырылған сұрақтарының көбісі құжаттандыру, зейнетақы тағайындау және жұмысқа тұрғызумен байланысты болды.

Мәселелері шешілген азаматтар ризашылығын білдірді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу