Кәсіпкерлерге түзеу мекемелеріндегі өндірістік нысандар көрсетілді

13 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіпкерлерге түзеу мекемелеріндегі өндірістік нысандар көрсетілді - 1679930537
    Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен аумақтағы бизнес өкілдеріне түзеу мекемелерінде орналасқан өндірістік нысандар көрсетілді. Іс шара облыстық әкімдік және аумақтық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды.       
    20-дан аса бизнесмен түзеу мекемелерінде жұмыс істеп жатқан өндірістермен танысты. Оған қоса, облыс прокуратурасының қызметкерлері бос тұрған нысандар бейне ролик арқылы көрсетіп, алу жолын түсіндірді. 
    Іс шараның басты мақсаты – сотталғандарға қосымша ақылы жұмыс орындарын ашу. Себебі, сотталғандардың түзу жолға түсіп оңалуының негізгі тәсілі еңбек балу. 
    Бүгінгі таңда, облыстағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың 71 пайызы жұмыспен қамтылып, 30 өндірістік нысандарда еңбек етуде. 
    Мысалы, ҚАЖД ЖД – 158/7 түзеу мекемесінде ЖК «Шукуров» бөдене құсын өсіруді ұйымдастырып, етпен жұмыртқасын өткізумен айналысып, 12 сотталғанды жұмыспен қамтуда.      
    Осы түзеу мекемесінде ЖК «Ырысты» киіз үйді жасап, шығаруды ұйымдасытырып, 7 сотталғанға жұмыс беріп отыр. 
    Өткізілген іс шараның қорытындысымен 10 кәсіпкер түзеу мекемелерінде өздерінің өндірістерін ашуға қызығушылығын білдірді.
 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу