Консультативтік кеңестің отырысы өтті.

31 қазан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

   31.10.2016 жылы Жамбыл облысы прокуратурасының жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті. Онда жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен Жамбыл облысында 2016 -2017 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде оларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстың және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу профилактикасы жөніндегі Кешенді іс-жоспарының орындалу мәселесі қаралды. Облыс прокуратурасымен кешенді іс-жоспарымен көзделеген кейбір шаралардың өз деңгейінде орындалмағаны анықталды.  Осыған сәйкес, облыс прокуратурасымен облыс әкімдігіне, ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметіне, сондай-ақ, облыстық білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына  кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту туралы ұсыныстар енгізілді.

Облыс прокуратурасының Аппараты

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу