Конкурстың қорытындысы бойынша

29 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына 18.12.2019 жылы Жамбыл облысы Аппаратының кадрлық дамыту тобының (негізгі қызметкердің бала күтімінде болуына байланысты) - 1 бірлік бос лауазымдарына конкурс жарияланған.

Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа қатысу үшін 2 үміткер өтініш білдірді.

Конкурстық комиссия үміткерлердің жеке, моралдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін бағалай отырып, жарияланған бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары мен функционалдық міндеттерін негізге алып, әңгімелесу әрбір үміткермен жеке өткізіліп және техникалық жазу құралдарының көмегімен үміткерге ескертіле отырып бекітілді.

Әңгімелесудің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия үміткерлерді тағылымдамадан өтуге 2 үміткер лайық деп шешім қабылдады.

Тағылымдаманың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары туралы Ережесіне сәйкес, конкурстық комиссия қорытынды отырысты өткізу нәтижелері бойынша мына шешімдерді қабылдады:

- жарияланған бос лауазымға тағайындауға 1 үміткер ұсынылды (Болтриков Руслан Ажмуханович);  

- жарияланған бос лауазымға тағайындаудан 1 үміткерге бас тартылды.