14 тамыз 2019
Версия для печати
PDF


2019 жылдың 8-9 тамыз аралығында Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай шағын футболдан жарыс болды.
Жарысқа шекаралас облыстардан командалар қатысып, жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының прокуратурасы 1 орынды, Түркістан облысы 2-ші орынды, ал Қызылорда облысы 3-ші орынды иеленді.
Жамбыл облысы прокуратурасы үстіміздегі жылдың 22-24 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық жарыста бағын сынайтын болады.
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу