Байзақтың прокуроры түсіндіру жұмыстарының тиімділігін құқық бұзушылықтардың күрт азаюымен дәлелдеді.

27 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Байзақтың прокуроры түсіндіру жұмыстарының тиімділігін құқық бұзушылықтардың күрт азаюымен дәлелдеді.  - 587565611

      Жыл басынан, Жамбыл облысы Байзақ аудандық прокуратурасымен тұрғындардын құқық бұзушылықпен күресуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатыстыру, қоғамның күшімен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіле жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары халықпен дұрыс қабылдануының нәтижесінде, аудан тұрғындарымен 3,8 млн. теңгеге 179, ал кәсіпкерлермен 11,9 млн. теңгеге 368 бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар, 28 білім ошағы бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Енгізілген ұсыныс негізінде аудандық әкімшілікпен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тiркеп, дербес есебiн реттеп, көтермелеу жөнiндегi  комиссия құрып, түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалды. Осының арқасында аудан көлемінде 55 полиция көмекшілері ұйымдастырылып, кешкі сағат 8-ден бастап түнгі 12-ге дейін ауыл көшелерінде участкелік инспекторлармен бірге шоғырлануда. Қысқы мезгілде атты патруль қызметі жұмыс атқаруда. Нәтижесінде, аудан көлемінде қылмыстық құқық бұзушылық 37 пайызға, ал кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс саны 76,9 пайызға төмендеді. Осы жетістіктер, құқық бұзушылықтың алдын алуға аудандық тұрғындардың азаматтық парызын белсенді ат салысқандығының арқасында болғандығын аудан прокуроры Телеу Бағлан Балтабайұлы мәлімдеді.

Байзақ ауданының прокуратурасы.

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу