Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 48935
    Дата: 12.04.2019 12:18:29
    Аты-жөні: Алтынбекова Нурсая
    Сұрақ:
    Мен Тараз каласы акимдигинин билим болимине шагым жасаймын
    Жауап күні:
    16 апреля, 2019 - 12:01
    Жауап:
    Саламатсыз ба ? Сіздің №48935 арызыңыз бойынша (Мен Тараз каласы акимдигинин билим болимине шагым жасаймын) толық көлемде ашылмаған. Осыған байланысты арызыңызды толықтырып, қоятын сауалдарыңызда жазып осы сайтқа жазуды немесе Жамбыл облыстық прокуратураға келіп арызыңызды қалдыруыңызды сұраймыз.
  • Сұрақ №: 48461
    Дата: 12.03.2019 09:01:01
    Аты-жөні: Кезенова Бақытгүл
    Сұрақ:
    Құрметті Ибраһим Әлжанұлы инстаграм парақшасында раскрутка денег жасаймын деп жарнама беріп, өз киви әмиянына ақша аудартқызып, артынша телефонын сөндіріп, жауап бермей халықты алдап жүрген алаяқ келіншек Тараз қаласының тұрғыны 06.09.1992 ж.Токтарбаева Акжаркын Почтабаевнаны жазалауды өтінемін, қолымен жасаған алаяқтығын мойнымен көтерсін. Мен алдады, осылай халықты алдап жүре береді ме. Шара қолданбасаңыз әлі талай адамды алдайды. Мені 20 000 теңгеге алдады, ақша аударылған қолымда түбіртек бар.
    Жауап күні:
    29 наурыз, 2019 - 18:15
    Жауап:
    Б.Қ.Кезеноваға Құрметті Бақытгүл Қажыхамитқызы! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан түскен А.Тоқтарбаеваға қатысты алаяқтық дерегі бойынша тиісті шара қолдану жөніндегі арызыңыз қаралды. 28 наурыз 2019 жылы Сіздің соңғыға қатысты алаяқтық дерегі бойынша тиісті шара қолдану жөніндегі арызыңыз Сарысу аудандық полиция бөлімінің СДТТБТ-не ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта, Сарысу аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі мен қабылданған шешім туралы Сізге аталған органмен хабарланатын болады. ҚПК 99-бабы 1-бөлігіне сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, іс бойынша уәждеріңізбен жүгінуге құқылысыз, уәждеріңіз тергеу барысында тексерілетін болады. Облыс прокуроры Ж.Құсайынов  Б.Қуанышұлы  45-43-79
  • Сұрақ №: 48460
    Дата: 12.03.2019 08:59:37
    Аты-жөні: Кезенова Бақытгүл
    Сұрақ:
    Құрметті Ибраһим Әлжанұлы инстаграм парақшасында раскрутка денег жасаймын деп жарнама беріп, өз киви әмиянына ақша аудартқызып, артынша телефонын сөндіріп, жауап бермей халықты алдап жүрген алаяқ келіншек Тараз қаласының тұрғыны 06.09.1992 ж.Токтарбаева Акжаркын Почтабаевнаны жазалауды өтінемін, қолымен жасаған алаяқтығын мойнымен көтерсін. Мен алдады, осылай халықты алдап жүре береді ме. Шара қолданбасаңыз әлі талай адамды алдайды. Мені 20 000 теңгеге алдады, ақша аударылған қолымда түбіртек бар.
    Жауап күні:
    29 наурыз, 2019 - 18:15
    Жауап:
    Б.Қ.Кезеноваға Құрметті Бақытгүл Қажыхамитқызы! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогынан түскен А.Тоқтарбаеваға қатысты алаяқтық дерегі бойынша тиісті шара қолдану жөніндегі арызыңыз қаралды. 28 наурыз 2019 жылы Сіздің соңғыға қатысты алаяқтық дерегі бойынша тиісті шара қолдану жөніндегі арызыңыз Сарысу аудандық полиция бөлімінің СДТТБТ-не ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта, Сарысу аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі мен қабылданған шешім туралы Сізге аталған органмен хабарланатын болады. ҚПК 99-бабы 1-бөлігіне сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, іс бойынша уәждеріңізбен жүгінуге құқылысыз, уәждеріңіз тергеу барысында тексерілетін болады. Облыс прокуроры Ж.Құсайынов  Б.Қуанышұлы  45-43-79
  • Сұрақ №: 48425
    Дата: 05.03.2019 16:57:38
    Аты-жөні: Нурахова Роза
    Сұрақ:
    Аса Құрметті Жарқын Қуанышұлы Мен көпбалалы ана және жеке кәсіпкер Нурахова Роза Туленовна Е.Бекмаханов мектеп -гимназиясының асханасында 8-9 жыл аспазшы болып жұмыс істеймін.Осы жылдар ішінде яғни А.Т.Естаева директор болып келгенге дейін ешқандай арыз-шағым болған емес. Алайда А.Т Естаева өзінің қызмет бабын пайдаланып пара талап етіп ,маған жұмыс істеуіме ешқандай мүмкіндік бермеді .Жалған актілер,протоколдар толтырып ,менің сыртымнан ата-аналармен келісіп,жала жапқанын үдете берді .Осы Шу ауданының білім бөлімінде тендер конверт күйінде өтеді .Алайда тек өздері біледі кімге беру керек ,кімге бермеу керек екенін ,оны тек әкім біледі ,әкім қай жақтан келді ,сол жақтан өзінің танысына береді ,одан қалғанын білім бөлімі өз адамдарына береді .Ал 2018 -ші жылдың 2 -ақпанында Шу ауданының кәсіпкерлері жиналып Нұр Отан партиясына барып жатып әр қайсысымызға тек бір мектептен ғана берді.Ал ендігі қалғаны мектеп директордікі, Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры А.Естаеваның құзырында ол бізге өз талабын қояды .Бұл жерде оның айтқанын ай сайын беріп тұрмасаң сенің шаруаң бітті.Сыртыңнан актілер -протоколдар қарша жауады.Жарқын Қуанышұлы сонда бізді, яғни кәсіпкерледі кім қорғайды .Неге мен өз отанымда тұрып осынша қорлық көруім керек .Біз төрт жанұя осы асханада жұмыс істейміз,менің бес балам бар ,кәмелетке толмаған қызым бар ,зейнетке шығуыма екі жыл бар .Мен қашанғы осылардың зорлық -зомбылығына көнуім керек .А.Т.Естаева маған психологиялық қысым көрсетіуін кашан тоқтатады ?.Наурыздың 1-і күні мен 154 оқушыға тамақ бердім . Мемлекеттік сатып алу қызметкері Г.Копбаева,Кендірбаева,Естаева жала жауып заңсыз акт толтырып, келісім шарт 1 жылға жасалып, аяқталуына байланысты, заңсыз 2 ай мерзімге ұзартып, алаяқтықпен келісім шартты 1 наурыздан бастап 1 жылға отырамыз деп, еш ескерту хабарлама жасамастан кешкі мезгілде сағ 19:00 білім бөлімінен келіп оқушылар ,мұғалімдердің көзінше шу шығарып , асхананы босатуымды талап етіп денсаулығыма ,ар намысыма тиіп ,ұрып-соғып, зиян келтірді. 1)Алайда мектеп директоры Естаева биылғы жылы мектепке күрделі жөндеуге бөлінген 187 млн-ға ремонт талапқа сай жүргізілмеген. Тіптім ең болмағанда мектепте балалардың қол жуатын бір тамшы суы жоқ. 2)Қ.Р Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша мектепке ақша жинамау бұйрығына қарсы шығып ,мектеп кабинеттеріне 80000 ға шкаф жасатып ,әр оқушыдан 5000 т жинаған. 3)Қызмет бабын пайдаланып пара талап ету бабы бойынша , 4)Ұжымға іріткі салу бабы бойынша 5)Маған психологиялық қысым көрсету бабы бойынша 6)Мектепте заңсыз ақша жинау фактісі бойынша 7)Жаңа оқу бағдарламасы аясында кітап тек 1 реттік оқу бағдарламасы бойынша болғандықтан әр жылы жаңа кітап берілуі тиіс. Алайда балалар ескі оқулықпен оқуда. 8)Еден тазалаушыларға берілуі тиіс шаруашылық заттар ешқашан(порошок, сабын ,тряпка ,хлор)берілмеген.Бұл заттар қайда? 9)1 -сыныптарға 250 т аспайтын көлемде тағам берілді .Алайда 1-4 сынып аралығында тегін тамақ кемінде 350 т болуы тиіс.Ал Шу ауданында мулдем берілмейді. 10)Зейнетке кеткен зейнеткер мұғалімінің үстінен қосымша ақша алып,6 ай больничный алғызған, 11)Сағаттар дұрыс бөлінбейді. 12) Шу ауданында мұғалімдерге оқуға барғаны үшін іс – сапар төленбейді. 13)Мектепке әдістемелік құрал жабдықтар берілмейді(ақ қағаз,сабаққа қажетті плакат ,әдістемелік оқулықтар,стикер, бор т.б) 14)Мектеп заманауи құрал жабдықтармен жабдықталмаған (Интерактивті тақта ,парта ,лингофон кабинеттері жоқ) Балалар 1970 ж көне сынық партамен оқып жүр . 15)Кабинеттер құжатталмаған. 16)Желтоқсан айынан бастап осы кунге дейін өз қалтамнан 154 баланы тамақтандырып отырмын.Үкімет тарапынан қаражат бөлінген жоқ. 17) Менің көпбалалы ана және жеке кәсіпкер екенімді ескерместен, жалған актілермен қорқытып, маған психологиялық қысым көрсетті. Осы жоғарыда көрсетілген фактілер негізінде және күрделі жөндеуге қатысты эксперт шақырып, Жамбыл облысы Шу аудандық білім бөлімінің Мемлекеттік сатып алу қызметкерлеріне және Е.Бекмаханов мектебіне аудит тексеріс жүргізіп,қылмыстық іс қозғауыңызды сұраймыз.Сот:87072308440
    Жауап күні:
    19 наурыз, 2019 - 17:06
    Жауап:
    Р.Нураховаға Досымбаева, 2/1, Шу ауданы Құрметті Роза Туленовна Сіздің Шу ауданаралық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары мен Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы директорының әрекеттеріне қатысты арызыңыз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтынын хабарлайды. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санатын мынадай: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне және іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді, сондай-ақ Сіздің уәждеріңізде уәкілетті органның қарау мүмкіндігі пайдаланылмаған. Заңның көрсетілген талаптарын ескере отырып, Сіздің арызыңыз Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне және Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (05.03.2019ж. №2-07-19-02689) жіберілді. Арызда көрсетілген мән-жайларды жан-жақты және толық көлемде қарап, оның нәтижесі туралы Сізге заңмен көзделген мерзімде уәкілетті органдармен хабарланатын болады. Облыс прокуроры Ж.Құсайынов орынд.: Ш.Таштамиров тел.:437246
  • Сұрақ №: 48400
    Дата: 02.03.2019 19:12:51
    Аты-жөні: Ahmet Maqpal
    Сұрақ:
    ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ! Өткен аптаның жұмасында Шу қалалық мәдениет үйінен үлкен дау шықты. Шығу себебі мекемедегі жаңа басшы көз қысты, бармақ бастылықпен келіп, ұжым арасынан бүйректен сирақ шығарып, ұжымның мазасын алып, қызметкерлерді қамырдан илеп алғандай шетінен балағаттап, қолына түскенді лақтырып, буындырып, ұрып-соғып қорқытуда! -Бұның қалай? - десең, кімге айтсаң оған айт, БІЗ, ҚҰДАЙДАН ДА ҚОРҚПАЙМЫЗ - деп, сөз айтады. Бәлкім шіреніп тұрып сөз айтуындада себеп бар шығар. Тереккеде тірек керек демеушіді ме?!.. Аудан басшысына жетектеп, атақ-мансабын саудалап, ауданымызға белгілі күйші Әбдімомын Желдібаев еш тәжрибесі жоқ, талапқа сай емес, бірнеше жерде төбелес ұйымдастырып, үстінен шағым түсіріп, бей берекетсіз жүрген ӘДЕНОВ МАРАТ СЕРІКұлын қойғызды. Содан болар бәріне әлімжеттік жасап жүргені?! Жұма күні, кызметке қызу келген МАРАТ ӘДЕНОВ әдеттегідей әуеніне салып, қызметкерлерді балағаттап, қолын саптап, шеттеріңнен бәріңніңде көздеріңді құртам! Жібергендердің арттарынан кетксіңдер! Ширек уақыт қызмат еткен Айнұр Самбекова, Бұныңыз қалай?! Сіз келгелі себсіз қанша қызметкерлерді босаттыңыз, бәрімізді балағатап шетімізден босата бересіз ба?! деп сұрағаны сол еді, МАРАТ ӘДЕНОВ бей-қам отырған қызметкер әйел затын; - Сен Қ*НШЫҚ НЕ ОТТАП ОТЫРСЫҢ - деп, жүгіріп келіп, тамағынан буындырып, отырған жерінен шашынан жұлқып, ішінен періп, ұрып-соғып, жерге құлатып үстіне мініп алып, аяғымен кеудесін басып тұрып, шашын уыстап ұстаған бойда жердегі еденге /КАФЕЛЬ/ есінен танғанынша басын ұрғаны! Бұл оқиға бірінші рет емес! Алдында да қарауылды өлімшедей сабаған МАРАТ ӘДЕНОВке әдеттегідей нәрсе! Қорқып қалған қызметкерлер, ҚЫЗ БАЛАСЫН өлімшідей сабап, есінен танып қалғанынша ажырата алмаған. Салдары; бас сүйегінің жарылуы, бас миының шайқалуы, солжақ қолдың қарайғанша көгеруі, іш-құлыстың зақымдалуы т.с.с Апта өтседе ІІБ мен аудан басшыларының жылы орындарын сақтап қалу мақсатында орындарынан қозғалмай жылы жаба салуы. Оған дәлел атақ-мансабын пайдаланып отырған әкім орынбасары Қожағапанова Клара, бөлім басшысы Жазықпаева Асел, күйші Әбдімомын Желдібаев сынды көш басында тұрып, аса ауыр түрде жәбір көрген Айнұр Самбекованы қолдаудың орнына, қайта қысым көрсетіп, жауыздық көрсеткен МАРАТ ӘДЕНОВты кешіруін сұратуда. Жауыздық көрсеткені аздай апта ішінде түрлі адамдар арқылы қоңыраулар шалынып, түн ауа үйінің есігін ұрып қорқытуда! Жаны нәзік қыз баланың, әйел ананың ертеңгі өміріне қауып төніп тұрған ертеңгі тағдыры мен күні не болмақ?!... Сізден көмек сұраймыз!
    Жауап күні:
    14 наурыз, 2019 - 16:05
    Жауап:
    К.М.Ахметке Құрметті Ахмет Мақпал Қайрат! Сіздің, Шу қалалық мәдениет үйінің директоры М.Әденовтың заңсыз әрекеттеріне қатысты жазған арызыңыз қаралды. Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Шу қалалық ауруханасынан А.Самбекованың «сол жақ шынтақ жарақаты» дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінгендігі туралы хабарлама, Шу аудандық полиция бөлімінің арыздарды есепке алу кітабына №193166030000875 тіркелген. Тексеру барысында сұралған азаматша А.Самбекова 22.02.2019 жылы шамамен 22:00 сағатта Шу қаласының Сейфулин көшесінде орналасқан «Рахат» кафесінде әріптестерімен отырыс барысында М.Әденовпен өзара сөзге келіспей, соңғы оны екі қолымен мойынынан қылқындырып жерге итеріп құлатқанын көрсеткен. Алған дене жарақаты бойынша сол күні ауруханаға қаралмай, үйіне қайтқан. Тағайындалған сот-дәрігерлік сараптама қорытындысына сәйкес А.Самбековаға жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Алайда, А.Самбекованың бас сүйегінің жарылуы, бас миының шайқалуы, сол жақ қолдың қарайғанша көгеруі және іш-құрылысының зақымдану деректері расталмады. 12.03.2019 жылы М.Әденовке қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік хаттама толтырлып сотқа жолданған. 13.03.2019 жылғы Шу аудандық сотының қаулысымен М.Әденов көрсетілген баппен кінәлі деп танылып, 37 875 теңге айыппұл салу жазасы қолданылған. Сонымен қатар, А.Самбекова көрсетімінде М.Әденовке кешірім беру мақсатында қысым көрсету деректерін жоққа шығарған. М.Әденовтың, қарамағындағы қызметкерлеріне балағат сөздерін айтуы бойынша Шу қаласы әкімінің 13.03.2019 жылғы №41ө ж/қ өкіміне сәйкес «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған. Облыс прокурорының міндетін атқарушы Б.Телеу  Р.Асанов  45-43-79

Беттер