Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 5059
    Дата: 22.11.2013 14:39:29
    Аты-жөні: Құттыбеков Ерлан
    Сұрақ:
    Жамбыл облысыны4 прокуроры Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлына Біз, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма және Қызылдихан ауылынын тұрғындары және аксақалдар ұжымы Сізге төмендегідей өтініш білдірмекпыз. Жайылма ауылдық аймағы бойынша 2011 жылдан бастап 2 рет ауыл әкімі ауысты. Ауылымыз тозып кетті жемқорлардын, амал жоқ Сіздерге өтініш білдіруге тура келді. 2013 жылы 13 қантар күні Жамбыл облысы Сарысу аудынында қатты боран жел болып, ауданды төтенше жағдай жарияланған. Сол желден Жайылма және Қызылдихан ауылдырында көптеген үйдын және қора жайдын шатыры үшып кетып қираған. Мемлекет тарапынан көмек ретінде шифер берылды. Алайды ортада айта кетер, көрсетілген көмек барлығына жетпей Жайылма ауылдық аймақ бойынша әкімшілігінен алаяқтық жолмен шиферды толығымен халыққа таратпады. Әкімшіліктен сурағанда, «Шифер тек үйге беріледі, ал қора жайға берілмейды» деп айтқан. Бірақ ол олай болған жоқ, еті тірі, бай-бақуатты адамдар қорасына де тамынада шифер алды, онын біреуі Тлектес деген кісі үйінің төбесінен 4 шифер үшқан, ал ол 40 шифер алды. Ал қарапайып үйі қирап қалған отбасылар 5-6 шифермен қамтамасыз етілді. Сол сияқты мән-жайлар көп. Осы жылы Жайылма ауылына кіре берістігі жолды 16 000 000 млн теңгеге асфальт жол төседі. Тапсырушы Жайылма аймағы бойынша әкімшілігі. Төселген жол ешқандай да СнИП-қа сай емес және сапасы өте төмен. Жолдын ені 6 метр болмайды, тастары үшып кетіп, жол кисая сай сай болып кетті 2 ай болған жоқ. Осы қыстан шықпайды. Жол құрылысы жұрып жатқанда ешқандай қадағалау адамдар болған жок, қалай болса солай жасай салды. Осылайша сол әкімшілікке қарасты Қызылдихан ауылына кіре берістегі жолға асфальт төселді 54 000 000 млн. теңгеге. Ол жақты көрсеныз жанадан өздері ашылым жасаған, ягни екі жақтан автокөлік жүретын жолдын ены 2 метр. Совет одағынан бұндай сұмдық көрмеп едік. Сонымен қатар, бұл екі жол Жайылма және Қызылдихан Жайылма аймағы бойынша әкімшілігінін балансына жатпайды, ол қалайша тапсырушы болады. Ауыл әкімі Ә.Әбенов өзінің үйінің алдына 5-6 машина жолдын майда тастарын түсіріп алған. Сонымен қатар Жайылма аймағы бойынша әкімшілігіне 2013 жылы көктемде «Сая бақ» салуға ақша бөлінген болатын. Алайда ол сая бақ бүгінгі күнге дейін жоқ. Оны ешкім тексеріп де жатқан жоқ. Осы жоғарыда көрсетілген негізінде, Сізден төмендегідей сүраймыз: - 2013 жылы қантар айында болған желден қираған үйлерге мемлекет тарапынан халыққа көрсетілген көмегі ретінде бөлінген қаржыны аудитер арқылы тексерыс жүргізуге; - Жайылма және Қызылдихан ауылдарында 2013 жылы жасалған жолға құрылыс сараптамасын тағайындап, жасалғын жолдын сапасын анықтау; - 2013 жылы көктемгі уақытты салынатын «Сая бақтын» салынбағанын анықтауға; Бізде практикада қалыптасып кеткен жай бар, яғни бұл мән жәйды тексеру үшін қаржы полиция деппартаментінің аудандық қызметкерлеріне тапсырылады, ал ол бұндай қылмысты байқамай барын жаба салады. Сондықтан Сізге үлкен үмітпен сенемыз. Жылдын аяғында КТК СМИ телевидениясын осы мән-жай бойынша шақыруға даярлап отырмыз. Жайылма және Қызылдихан ауылының тұрғындары және ақсақалдары
    Жауап күні:
    2013-12-14
    Жауап:
    А. Құттыбековке Өтініш беруші А.Кутыбековтың, Сарысу ауданы Жайылма ауылдық округінің әкімі Ә.Абеновке қатысты жазған өтініші бойынша зерделеу жүргізілді. Анықталғаны, аталған аймақта техногендік төтенше жағдай барысында зардап шеккен жеке тұрғын үйлердің шатырына ағымдағы жөндеу жүргізуге 327 жеке тұлға азаматтардың өтініштеріне сәйкес 4576 дана «шифер» қажеттілігіне байланысты шығындарын анықтау актілері жасалынған. Аталған «шифер» ауыл тұрғындарына қажеттілігіне байланысты комиссиямен таратылған, оның ішінде арызда көрсетілгендей Жайылма ауылы, Күлшеев көшесі тұрғыны №10 үйдің тұрғыны Өтебеков Тілектеске 40 дана «шифер» берілген, себебі үйінің алдындағы кепе үйде зейнет жасындағы 2 қарт кісілер тұратындығы ескерілген. Ал, жолдың шағал майда тастарын өз үйіне түсіріп алғандығы жөнінде округ әкімі Ә.Абенов, 2 жүк көлік тастарын ауылдың тұрғыны Ж.Төлмағамбетовтан сатып алғандығын көрсетті. 04.06.2013 жылы Жайылма ауылына кіре беріс 2,1 шақырым жолға орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге Жайылма ауылдық округі және «Арайстроймаркет» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, тиісті комиссиямен қабылданған. Сарысу ауданы прокуратурасымен жоғарыда көрсетілген автомобиль жолдарына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына тексеру жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушылықтарын анықтап Жайылма ауылдық округі әкімінің үстінен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 бөлімінің 10 тармағымен жауапкершілікке тарту үшін 15.11.2013 жылы Жамбыл облысы тәртіптік кеңесіне жолданған. Аталған жолды зерделеу барысында бірқатар ақаулардың пайда болғаны анықталып, мердігер «Арайстроймаркет» ЖШС-нің өкілінің іс-әрекеттерінде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарын лауазымды адамдардың орындамау белгілері болғандықтан ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы 1 бөлігімен әкімшілік іс өндірісі қозғалды. Бұдан бөлек, Жайылма ауылдық округіне қарасты Қызылдихан ауылына кіре беріс 7,8 шақырым автомобиль жолына 2013 жылға 41 311,5 мың теңге, 2014 жылғы 39 908,4 мың теңге барлығы 81 219,8 мың теңге қаражат бөлінген және қазіргі таңда жолдың жарты бөлігіне жөндеу жұмыстары ф.№2 актісіне сәйкес жұмыстар жүргізілген. Аяқталу жұмыстары 2014 жылдың желтоқсанына белгіленген. Жайылма ауылының Қ.Байзақов көшесіндегі саябақты көгеріштендіру жұмыстары келісім шарттағы мерзімде аяқталған және жобалық сметалық құжаттарында көрсетілген саябақ сыртын 241 м. темір торлармен қоршау, 91 дана труба жерге қазылып орнату, ішіне 122 дана қара тал отырғызу және ішіне кіретін қақпа орнату жұмыстары толығымен атқарылған. Сонымен қатар, аудан көлемінде Сіздің тұрмайтындығыңыз анықталды. Облыс прокуроры Е. Сыбанқұлов
  • Сұрақ №: 3903
    Дата: 17.09.2013 19:00:17
    Аты-жөні: Ергенбаева Жанар
    Сұрақ:
    Саламатсыздарма!!! Менің осы хатты сіздерге жазу себебім: Жемқорлық осы жемқорлыққа қашан тыйым салынар екен. Мен жұмыс істеп жүрген орнымда комиссияға 1000-нан 3000 теңгеге дейін ақша жинап тұрамыз, алатын айлығымыз 40 000 (қырық мың) теңге. Әйтеурі үйтіп–бүйтіп қарызданып өмір сүріп жатырмыз ау, Бірақ мені ашындырып отырған бұл емес, жемқорлықпен күресіп жатырмыз деп ұрандатып Елбасына есеп беріп жатырғой сондада тығылған ұрыдай ұрлап көрсетпей параның барары сол бізден жоғары орындарда болып тұр. бұлар енді тығып жинағанды қойып ашықтан ашық бұйрық ретінде мөр басып тұрып әр нәрсені сылтау қылып жинайтынды шығарыпты. Сенбесеңіздер оқыңыздар осы хатпен бірге оның да көшірмесін жіберіп отырмын. Информатика пәні мұғалімдеріне Тараз қаласының информатика пәні мұғалімдерінің арасында 2013-2014 оқу жылында 6,9-шы сыныптарының оқушыларына «Информатика» оқулықтарының жетіспеушілігіне байланысты аз қамтылған оқушыларға көмек көрсету мақсатында акция жүргізіледі. Осыған байланысты қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері көмек ретінде 1000 тенгеден қыркүйектің 20-на дейін қалалық білім бөлімінің №7 кабинетіне (Жоламанова С.Т.) әкелу қажет. Жиналған қаржыға комиссияның шешімімен оқулықтар сатылып немесе арнайы тапсырыс беріліп алынады. ҚББ әдіскері Жоламанова С.Т. Шынында да солай ғой, қайырымдылық қылуға кез келген адамның шамасы келермекен? қазіргі біздің қоғамымызда? Мәселен біреулер шалқып жүр біреулер әрең күнін көріп жүр. Бұлар неге санаспайды, бересің ба? Бермесйсіңба? Деп, ашықтан –ашық пәлен күні осынша мыңнан жинаңдар деп. Оқулық жоқ болса біздің кінамыз не? Оқулық әперуге мемлекеттің шамасы жетпей жатқанда біз қай жақтан әпереді екенбіз? Енді осындай майда -шүйдені жөнге сала алмаса мемлекеттің құрдымға кеткені ғой бұл. Осы хаттың көшірмесін осы органға, қала прокурорына, қалалық қаржы полициясына, КНБ органы, Интернетке, Республикалық телеарналарға жолдап отырмын.
    Жауап күні:
    2013-09-24
    Жауап:
    Ж.Е. Ергенбаеваға Сіздің Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері С. Жоламанованың заңсыз ақшалай қаражат жинау туралы жазған арызыңыз қаралды. Қарау қортындысымен, С. Жоламановаға қатысты тәртіптік іс өндірісі қозғалып, оны қарап, нақты шара қолдану үшін Тараз қалалық білім бөлімі бастығының атына жолданып, электрондық пошатамен жіберілген хабарлама күшін жойды. Сонымен қатар, болашақта Тараз қалалық білім бөлімі қызметкерлерімен заңсыз ақша жинауға жол бермеу туралы шаралар қолдану жөнінде мәселе қойылды. Облыс прокурорының орынбасары А. Майлыбаев орын. Е.Қуанышев ү.б. 456395
  • Сұрақ №: 3592
    Дата: 27.08.2013 14:17:04
    Аты-жөні: Мамыралиева Макпал
    Сұрақ:
    Сыбанкулов Е.М.мырза мен сизге 7жыл орындалмай журген исти карауынызды суранамын!Мен алимент ондире алмай журмин жугире шаршадым!Алиментчик Оспанов Айдос Абубакировка шара колданса болады.Сот орындаушы жумыс истемей жатыр сизден комек корсетуинизди отинип сураймын!
    Жауап күні:
    2013-09-20
    Жауап:
    М. Мамыралиеваға Сіздің алимент бойынша сот бұйрығы орындалмай отырғаны туралы арызыңыз атқару өндірісін зерделеу арқылы қаралды. Анықталғаны, Тараз қалалық сотының шешімінің негізінде 28.08.2006ж. Тараз қалалық №1 аумақтық бөлімінің сот орындаушысы М.Ешенкуловпен азамат А.Оспановтан Сіздің пайдаңызға барлық табысынан ¼ бөлік алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалған. Атқару өндірісін орындау барысында борышкерге тиесілі жылжымалы және жылжымайтын мүліктері тексеріліп, екінші денгейлі банктерге есеп шоттарын анықтау үшін сұраныстар жолданған. Жауаптарға сай, борышкерге тиесілі банктерде шоттары, жылжымайтын және жылжымалы мүліктері анықталмаған. Сот актісін орындамаған үшін борышкер Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 23.08.2012ж. қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 524 бабымен жауапкершілікке тартылып, 2 күн әкімшілік қаммаққа алынған. Сот орындаушының 06.09.2013ж. алимент бойынша қарызды анықтау қаулысына сәйкес, борышкердің жалпы қарыз сомасы 374 799 теңгені құраған. Атқару өндірісінің орындалуы бойынша сот актілерін орындау Департаментіне борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, қылмыстық жаупкершілігін шешу үшін ұсыныспен тергеу органдарына шығуды және заңға сай барлық шараларды қамтамасыз ету туралы нұсқау жолданды. Облыс прокурорының орынбасары Х. Дауешов @ Құрманов Ғ.
  • Сұрақ №: 3093
    Дата: 22.07.2013 17:22:31
    Аты-жөні: Наурызбаева Айжан
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор менің берген өтінішім мен Сұлтанбекова Райхан Қалдыбековнадан ақша алып пайызымен қайтардым қайтарған кезде распискамды ұмытып кетіпті мен ол кісіні жақсы танығандықтан өзім жыртып тастаймын деген сөзіне сендім енди уақыт өте ол маған қоңырау шалып 1миллион теңге алып келмесен сотқа берем распискаңды деп қорқытып жүр алған ақшасын мойындамайды мен пайызды өсирип отырам өмір бойы маған жұмыс істейсің дейди.өзи мұғалім бола тұра заңсыз пайызға ақша беріп елді қорқытып ақша алу заңды ма? не істеуге болады және қайда барып шағымданам.Менде оған беретін ондай ақшам жоқ.
    Жауап күні:
    2013-07-30
    Жауап:
    А.Қ. Наурызбаеваға блогтың №3093 сұрағына жауап Сіздің Р.Қ.Сұлтанбекованың ақша талап еткен іс-әрекеттері туралы өтінішіңіз облыс прокуратурасымен қаралды. Өтінішіңізде көрсетілген мән-жайлар туралы Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне (қаржы полициясы) шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Е. Сыбанқұлов
  • Сұрақ №: 3064
    Дата: 19.07.2013 19:52:12
    Аты-жөні: Қасымов Қайырғали
    Сұрақ:
    Жамбыл облысының Бас прокуроры Спанкулов Е.М. Алматы қаласының тұрғыны Қ.Қасымовтан Біздің тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізде тұрақтылық пен бейбітшіліктің туын көкке көтеріп, жаһанға танылған мемлекет құруда орасан зор еңбек етіп келеді. Біз қазақ халқы бейбітшілік пен тұрақтылықты 3 ғасыр аңсап келген егемендікті, 20 жылдың ішінде арманымыз орындалып, жоғалғанымыз қайта табылған заманда бауырым Қасымов Дүйсенғалидың, осыдан 9 жыл бұрын, яғни 05.04.2004 жылы ажалына себепкер болған, ұйымдасқан қылмыстық топтың әлі күнге дейін жазасын алмай бостандықта жүргеніне, әділдік іздеп арыз шағым жазып отыруымның себебі осы. Қылмыстық топтың бір мүшесі қазіргі кезде ішкі істер министрлігінде, Ақмола облысында жол полициясының қызметін атқарып жүр деп естідім, аты-жөні Сабыралиев Арна 1976 жылы туылған Шу ауданы Балуан Шолақ ауылының тұрғыны, Жақсылық 1976 жылы туылған Шу ауданы Сауытбек ауылының тұрғыны, Қапаров Есентай 1976 жылы туылған Шу қаласы Қабанбай батыр көшесінің тұрғыны, Қуат Түйтебайұлы 1976 жылы туылған Шу қаласы Әуезов көшесінің тұрғыны. Мен Қасымов Қайырғали 2002-2004 жылдары тоқтап қалған қазақмультфильмін қайта өмірге келуіне ат салысып жатқан кез еді. Сөйтіп еңбек қызып жатқанда 2004 жылы суық хабар келді, бауырым Дүйсенғалиды өлтіріп кетті деп. «Көмек» қоғамдық қор ашып, ауылға қамқор болған есіл ер ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Ауыл аймақ болып түгел Шу өңірінің әр бұтағын атты, жаяу болып тінтіп шықтық. Шу қаласының әр үйдің подвалдарын, барлық жерлерін іздеп, ағып жатқан Шу өзенін тоқтатып тастап, Мойынқұм ауданына дейін сүзіп шықтық. Бір қызығы Белбасар ауылының тумасы, сол кездегі Шу ауданының ішкі істер бөлім басшысы Рысмендиев Жандархан азанда барып көпір түбінен қарақшылар мінген ВАЗ 2105 автокөлігін тауып алады. Сұрақ, неге 2 апта өтіп кетсе де табылмаған көлікті, біз суды бекіткенде, бірінші болып шамасы сағат 7:30 -8:00 автокранмен барып суырып алады. Тағы да айтарым 28.04.2004 жылы сағат 10:00 шамасында Шу ауданының ішкі істер бөліміне кіріп Рысмендиев Жандархан деген басшыларына жолықтым. Сондағы ойым Шу ауданының ішкі істер тарапынан қандай шаралар қолданып жатқанын білгім келіп еді. Рысмендиев Жандархан мырзаның айтқаны - Сен кімсің – деді. Мен Қазақстан киногерлер мүшесінің құжатын көрсетіп Қасымов Дүйсенғалидың ағасы екенімді айттым. Рысмендиев Ж. - ондай ағасы жоқ еді ғой,- деп таңырқады. Әрине өз ауылыңа жау шаптырмайсың ғой, сонда да арада 23 күн өтсе де №04/0058 санды қылмыстық іс бойынша іздеу жарияланып жатпағанын сездім. Мен ертең КТК телеарнасын алып келемін деп кетіп қалдым. Арада 10 минут өтпей жатып хабар келді Рысмендиев Жандарханнан табылды деген. Бұл кездейсоқ емес, себебі КТК арнасы келсе Шу ауданында у-шу болып кете ме деп бізге мәйіттерді тауып берді.Тельман ауылының тұсында Рысмендиев Ж. күтіп тұр екен, көрмей жатып анық екенін өзі айтып берді. Мені көре сала Қайырғали табылды, - деп менен сүйінші сұрағандай қасыма келді. РысмендиевЖ. Қайдан білдің сол екенін десем, -Нақ солар,-деп жауап берді. Мәйітті көрмей жатып сеніммен айтып тұрды. Мәйіттердің жатқан жері Шу ауданының шеткі аймағында орналасқан Сабыралиев Арнаның туған жері Балуан Шолақ ауылы. Негізгі автокөліктер қатынайтын тас жолдыңжанын үңгіп акстына мәйіттерді жасырған. Сол кездері VHS таспасында түсірілген бейнематериалда анық көрсетілген, Panasonic камерасымен өзім түсіріп Рысмендиев Ж. қолына тапсырдым. Бұл жалғыз адамның қолынан келетін іс емес екені айдан анық көрініп тұр. Мәйіттерді Шу ауданының бір шетіне, көлікті екінші шетіне суға батырып іздерін жасырған. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топ біреудің айтуымен ісмтелген қатыгездік, бір емес екі адамның қиып, екі жанұяны ойран етіп, төрт баланы жетім қалдырып, батыр анам Қасымова Отаркүлдің күйіктен қайтыс болуына себепкер болған: Сабыралиев Арна 1976 ж., Жақсылық 1976ж., Досекеев Жанарыс 1976ж., Қуат Түйтебайұлы 1976ж.,Қапаров Есентай 1976жылы туылған. Алматы қаласының көшесінде машина қағып қайтыс болды деп жерленген Қапаров Есентайдың өлгеніне күмәнімбар. Қапаров Есентайдың тірі жүргені туралы біреулердің көргенін естідім. Бар қылмысты Қапаров Есентайға жауып, оны қаза болды деп №04/0058 қылмыстық істі жаба салды. Бұл ұйымдасқан топты әшкерелеп, Қазақстанның ата заңына сай жазалауларыңызды сұраймын. Қылмыскерлердің өз жазаларын алуын және әділдік пен бейбітшілік орнайтынына кәміл сенемін. Қазақстан КО мүшесі «Тарлан» сыйлығының иегері Қ.Қасымов e.mail: kaiyrgali_kassymov@mail.ru
    Жауап күні:
    2013-07-31
    Жауап:
    Шу ауданы, Алға ауылы Қарашаш көшесі, 16 С.Қасымовқа Сіздің, ініңіз Д.Қасымовтың қаза болу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің созбалаңдыққа салыну дерегі бойынша облыс прокурорының блогына және облыс прокурорына жазған арызыңыз қылмыстық іс құжаттарын қарау арқылы қаралды. Анықталғаны, 05.04.2004 жылы сағат 22:00 кездерінде Е.Капаров Шу қаласы Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан «Ореке» кафесінің алдында, тергеумен анықталмаған 9-мм тапаншамен қаруланып, адам өлтіру, яғни құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру мақсатында Д.Касымов пен Т.Кадыровқа оқ атып, соңғылар алған дене жарақатынан аталған жерде қайтыс болған. Осыдан кейін Е.Капаров таныстары Ж.Досекеевпен, Ж.Кыдербаевпен бірге, оқиға орынына келіп қалған А.Алатаевтың «ВАЗ» маркалы, мемлекеттік номері А 531 ТОМ автокөлігін, пышақ көрсету арқылы тартып алып, мәйіттерді осы автокөлікке салып, Шу ауданы Балуан-Шолақ ауылы маңына алып барып көміп тастаған. 07.04.2004 жылы Шу аудандық ІІБ А.Алатаев өзінің автокөлігін белгісіз азаматтар тартып алып кеткені туралы арызданып, осы жайт бойынша ҚК-нің 185-бабы 4-бөлігімен, (автокөлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуді, денсаулыққа және өмірге қауіпті күш қолданамын деп қорқытып алу) қылмыстық іс қозғалған. 28.04.2004 жылы Шу ауданы Балуан-Шолақ ауылының маңынан Д.Касымов пен Т.Кадыровтардың қорлап өлтіру белгілері бар мәйіті табулына байланысты ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігі «а», «ж» тармақтарымен, (кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіруді, адамдар тобы болып екі немесе одан көп адамға қатысты жасаған) қылмыстық іс қозғалған. 16.06.2004 жылы тергеу орнымен қылмыс жасады деген күдікпен Шу қаласының тұрғыны Ж.Кыдербаев ұсталып, бұлтартпау шарасы ретінде қамаққа алу облыс прокуратурасына беріліп, оған қатысты бас тартылған. 11.12.2005 жылы Ж.Қыдербаевқа қарсы қылмыстық қудалау оныңәрекетінде қылмыстың құрамы жоқ деген негізбен қысқартылған. 28.06.2004 жылы айыпталушылар Е.Капаровтың, Ж.Досекеевтің тергеу органынан бой тасалап қашуып кетуіне байланысты, соңғыларға қатысты іздеу жарияланған. Қылмыстық іс құжаттарына Е.Капаровтың қаза болғанын қуаттайтын дәрігердің анықтамасы, соңғының мәйітін қарау хаттамасы және оның қолтаңбасы тіркелген. 26.11.2005 жылы қылмыстық іс бойынша айыпталушы Капаров Есенкожа Турсунгазиевичтің Алматы қаласында көлік апатынан қайтыс болуына байланысты соңғыға қатысты қылмыстық қудалау қысқартылған. 12.12.2005 жылы қылмыстық іс Ж.Досекеевке қатысты іздеу жарияланғанына байланысты өндірістен тоқтатылған. 16.05.2013 жылы Жамбыл облысы прокуратурасымен ініңіз Д.Касымов пен жолдасы Т.Кадыровтың қайтыс болу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс зерделеніп, қылмыстық істі тоқтату, Ж.Кыдербаевқа қатысты қылмыстық қудалауды қысқарту қаулылары заңсыз болғандықтан бұзылып, қылмыстық іс алдын ала тергеу амалдарын ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облысы ІІД Тергеу басқармасына жолданған. 30.05.2013 жылы қылмыстық іс облыстық ІІД Тергеу басқармасымен жаңғыртылды және тергеуші Қ.Төреқұловтың жеке өндірісінде. 27.06.2013 жылы тергеуден бой тасалап қашып жүрген Ж.Досекеев ұсталынып, оған қатысты қамаққа алу бұлтартпау шарасы қолданылған. Сіздің арызда көрсеткен А.Сабыралиев, Қ.Жұмағұлов, және Ж.Қыдербаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу нәтижесімен соңғыларға қатысты тиісті процессуалды шешімдер қабылданады. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша қабылданған түпкілікті шешім бойынша Сізге тергеу органы хабарлайды, тергеу барысы бақылауда. Облыс прокуроры Е.М.Сыбанқұлов орын.Ж.Телеуов тел.45-43-79

Беттер