Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 51006
    Дата: 25.12.2019 21:49:35
    Аты-жөні: Суйменбаев Талгат
    Сұрақ:
    Жамбыл облысының прокуроры Ж.Қ.Құсаиновқа Жамбыл облысының адвокаттар алқасының адвокаты Т.М. Суйменбаевтан, ЖСН:710329300176, ұ.т.87052683700, 87473683700, мекен-жайы: Тараз қаласы, 4 м.а.,31 үй, 22 пәтер А Р Ы З 06.11.2019 жылы , Жамбыл облысының ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандар жөніндегі сотының үкімімен, ҚР ҚК-нің 124 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген Жанбосынов Калдыхан Алипович толығымен ақталған. 25.12.2019 жылы, Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы, Тараз қаласының прокурорының аталған үкімді бұзып, К.Жанбосыновқа жаза ретінде 6,8 жыл қамаққа алу туралы өтініш хатын қанағаттандырусыз қалдырып, 1-ші сотыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған. Демек үкім күшіне енді. -Аталған қылмыстық іс 28.01.2019 жылы қозғалып, тергеу амалдары жүргізілген. -Сотқа дейіңгі тергеу барысында К.Жанбосынов өз кінәсін толығымен мойындамаған, және осы жауаптан ауытқымай бірізді және жүйелі жауап беріп отырған. -Тергеу барысында жасы кәмелетке толмаған жәбірленуші Яхия М.Т. тергеу орнына және прокурорға бірнеше мәрте қарсы-арыз жазып, алдыңғы арызды ашумен жазғанын көрсетіп, яғни К.Жанбосыновтың тарапынан оған қарсы ешқандай оғаш әрекеттер жасалмағанын көрсетіп, қылмыстық істі қысқартуын сұранған. Арызды өз анасын қызғанғанына байланысты жазғанын айтып өткен. Бірақ тергеуші, осы бұлжымас дерекетерді іске алмай, жасы кәмелетке толмаған жәбірленуші М.Яхияны ешкімнің қатысуынсыз қайта жауап алып, істі бұрмалап, айыптау басымдылықпен, кішкентай қызды қарсы арыздарынан бас тартқызып, заңсыз жауап алған. Екі сатыдағы сот барысында да жәбірленуші Яхия М.Т. өз жауабын қуаттап, оған өгей әкесі К.А.Жанбосыновтың тарапынан ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағанын толығымен растаған. Бұл жөнінде Тараз қаласының №1-ші полиция бөлімінің тергеушісі Сәбденбековаға Балаусаға айтқан. Сот отырысында, қорғаушының: «осындай жауапты беруді кім үйретті, неге кінәсіз адамға (К.Жанбосыновқа) қатыгездік білдіріп, жалған жауап бердіңіз» деген сұрағына, Яхия М.Т. өзінің шешесін өгей әкесінен қызғанып, өзін шеттетілді деп есептеп бергенін, ал ондай жауапты кәзір теледидарда жүріп жатқан түрік сериалы «Шыда жүрек» фильмінен алғанын көрсеткен. Осындай тәсілмен ол анасы Сейтимбетова Әселмен өгей әкесі К.Жанбосыновты ажыратпақшы болған, бірақ іс насырға шауып, соңғы қамаққа алынып, сотталып кететінін ойламаған. Айта кетерім, «Шыда жүрек» киносын көрген кезде, тура М.Яхия және менің қорғауымдағы К.Жанбосыновтың өмірі бейнеленген. Осыған қарап, қалай жасы кәмелетке толмаған (14-тегі қыз) өз жауабын құрастырғаны белгілі болады. Сот отырысында сұралған куәгер Сейтимбетов Жанибек, өз жауабында, 28.01.2019 жылы тергеушінің шақыртуымен Тараз қалалық 1 полиция бөліміне келген, сол жерде жиен қарындасы М.Яхияның сөзін естіп, ашумен К.Жанбосыновтың үстінен арыз жазған. Содан кейін М.Яхияны өз үйіне, яғни Байзақ ауданы, Түймекент ауылына алып кеткен. М.Яхия сол күннен бастап соның үйінде жүрген. Үйде жүрген кезде, М.Яхия оған өгей әкесін жалған айтып қаматып қойғанын көрсеткен. Өзі, яғни Сейтимбетов Ж. бұл әңгімені естіген соң жездесі К.Жанбосынов кінәсіз екенін білген. Куәгер ретінде сұралған жәбірленушінің анасы Сейтимбетова А. өз жауабында: куйеуі К.Жанбосыновтың тарапынан оның туған қызы М.Яхияға қарсы ешқандай азғындыққа байланысты жағдай орын алмағанын алға тартты. Куәгер ретінде сұралған Тараз қалалсының №26 мектебінің мұғалімі Жұмасаева Ж., өз жауабында: ол М.Яхиның сынып жеткешісі болғанын, оның сабақ үлгерімімен тәртібі жақсы қыз екенін айтқан. Оқиға туралы 28.01.2019 ж. М.Яхияның өзінен естіп, мектеп директорына және полицияға хабарлаған. Бірақ осы күнге дейін және кейінде М.Яхияның тәртібі не сабақ үлгерімі нашар жақа ауытпаған деп көрсеткен. Ал енді айыптау актісіне сүйенсек, К.Жанбосыновтың азғындыққа бағытталған деген тергеу орнының еш негізсіз уәждері, 2018 жылдың наурыз айынан басталып, 2019 жылдың қаңтар айына дейін жалғастырылған болса, онда кіп-кішкентай қыздың мінез-құлқы не тәртібі өзгеру мүмкін емес еді ма, ал өзгерсе оны сынып жетекшісі, не болмаса психолог және басқа мұғалімдер байқап сезер еді. Куәгер ретінде сұралған мектеп психологы Муханова Б. куә Ж.Жұмасаева тәрізді жауап беріп, М.Яхия оған бұрын-соңды жанұясының жағдайы туралы айтпағанын, және де М.Яхиямен жекеше (индивидуально) әңгіме жүргізбегенін, ондай сұхбат жүргізуге себеп болмағанын көрсеткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, тергеуші үш мәрте сот-психологиялық сараптама жүргізген. Сөйтіп 18.02.2019 жылғы берілген сараптаманың №53 санды қорытындысы бойынша Яхия М.Т. психикалық аурумен ауырмайды, тергеу барысына қатыса алады, криминалдық жағдай кезінде қарсылық білдіруге мүмкіндігі болған. 09.04.2019 жылғы №162 санды қосымша кешенді сот психолого-психиятриялық сараптаманың қорытындысы бойынша, Яхия М.Т. тергеу барысында жауап беру кезінде ешқандай психикалық аурумен ауырған емес, ал оның шынайы немесе өтірік жауап беріп отырғанын олардың құзырына (компетенциясына) кірмейтінін, ол жағдайды тек тергеу өзі анықтау керек екенін көрсеткен. 1-ші сатыдағы сот барысында, судьяның бастамасымен қайтадан сот психолого-криминалистикалық сараптама тағайындалып, ол сараптаманың қорытындысы бойынша да, менің қорғауымдағы К.Жанбосыновқа қарсы еш дәлел табылмады. 22 сәуір 2019 жылы К.А.Жанбосынов тергеуші Б.Сабденбекованың еш негізсіз ұсынысын қолдаған процессуалдық прокуроры П.Садибекованың өтніштері бойынша, Тараз қаласының тергеу сотының қаулысымен «күзетпен ұстау» туралы бұлтартпау шарасы қолданған. Осы орайда айта кететінім, қылмыстық іс 28.01.2019 жылы қозғалған, бірақ тергеушінің және қадағалаушы прокурордың тарапынан К.Жанбосыновтың іс-әрекеттері сараланбай, ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған, тек тергеу орнына келіп тұру туралы міндеттеме алынған. Сөйтіп, К.Жанбосынов, осы міндеттемені еш бұзбай, тергеуші шақырған уақытта дереу келіп жүрген. Қамақтан 06.11.2019 жылы 1-ші сатыдағы соттың ақтау үкімінен кейін ғана босатылған. Бұлтартпау шарасын қолданар алдында, мен адвокат ретінде тергеушіге, оның басшыларына және прокурорға, К.Жанбосыновты қамаққа алуға еш негіз жоқ екені, істі өндірістен қысқарту керектігі туралы дәлелдемелерімді құлаққа аспай, оларға мән бермей, өз міндеттерін асыра пайдаланып қамап тастады. Осылайша, еш кінәсіз К.А.Жанбосынов тергеушінің, оның басшылары және қадағалаушы прокурордың менмендігінің салдарынан алты айдан астам қамаққата еш негізсіз отырды. Ал тергеу жұмыстары бес айдай жүргізіліп, созбалаңға салынды. Сонымен қатар, Қ.А.Жанбосынов тергеу кезінде, жасамаған қылмысы үшін ішкі күйзеліске ұшырап, өте ауыр жағдайда болғанын ескеруіңізді сұранамын. Аға буындағы діндар ер азамат адал абыройынан айырылып, мазасы қашты. Енді кім оның босқа қамақта отырып, жалған айыпталғанына жауап береді. Арызыма қосарым, тергеу барысында және сот процессі кезінде әділеттіке қарай бас бұрмай, К.Жанбосыновты қалай да болса айыптап қамаққа алу әрекеттері басым болды. Сонда азаматтардың құқықтарымен бостандығын қорғауға арналған қадағалаушы органдардың міндеттері осы ма деп, еріксіз таңқаларлық сұрақтар ойға келеді. Менің айтпақшы негізгі ойым, осындай қызметкерлер құқық қорғау орнында қызмет жасауы, жазықсыз азаматтардың зардап шегуіне алып келуі мүмкін. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде,Сізден:- Жанбосынов Калдыхан Алиповичке байлансты қылмыстық істі жүргізген тергеушіге, оның басшыларына және қадағалаушы прокурорға қатаң жаза қолдануыңызды сұранамын. Егер Сіздің құзырыңыздан кінәлі қызметкерлерге тиімді шаралар (действенные меры) қолданылмаса, біз өз тарапымыздан Республикамыздың Президентіне және Бас прокурорға шағымдануға мәжбүр боламыз. Ізгі ниетпен, Адвокат:- Суйменбаев Т.М.
    Жауап күні:
    14 января, 2020 - 11:58
    Жауап:
    Т.М. Суйменбаевқа К.А.Жанбосыновтың мүддесі бойынша Облыс прокуратурасы сіздің К.Жанбосыновқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеушіге, оның басшыларына және қадағалаушы прокурорға қатысты шара қолдану туралы арызыңызды қарады. 28.01.2019 жылы Тараз қалалық ПБ-ның №1 полиция бөлімінің тергеушісі Б.Сабденбековамен К.Жанбосыновқа қатысты ҚК-тің 124-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 26.04.2019 жылы қылмыстық іс айыптау актісімен ҚПК-тің 300-бабына сәйкес Тараз қаласы прокуратурасына түсіп, 04.05.2019 жылы негізінен қарау үшін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. 06.11.2019 жылғы соттың үкімімен К.Жанбосыновтың әрекетінде ҚК-нің 124-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан және оның әрекеті дәлелденбегендіктен ақталып, облыстық ПД-не іс бойынша сотталушының азғындық әрекеттер жасағаны туралы дәлелдемелер қарастырылмаған деген тұжырымға келіп, жеке қаулы шығарылған. 25.12.2019 жылғы Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен үкім күшінде қалдырылған. Қазіргі таңда, облыс прокуратурасымен аталған үкімді және сот қаулысын ҚПК-тің 484, 485, 486-баптарына сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат дайындалуда, соның қорытындысымен кінәлі лауазым иелеріне қатысты шара қолдану қарастырылады. Облыс прокуроры Ж. Құсайынов Орынд.: Н. Нарбаев Тел: 45-65-73
  • Сұрақ №: 50809
    Дата: 14.11.2019 19:33:20
    Аты-жөні: Суйменбаев Талгат
    Сұрақ:
    Жамбыл облысының прокурорына Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Т.М.Суйменбаевтан, ЖСН 710329300176, мекен жайы: Тараз қаласы, 4 м.а., 31 үй,22 пәтер, ұ.т.:8(705) 268 37 00 А Р Ы З 2017 жылдың тамыз айында, Анарбаева Рима Маратовна, алаяқтық пиғылмен, Тараз қаласында, өзінің танысы аз-ша Оспанова Райхан Имашовнадан 1963 ж.т., осы қаладан элиталық пәтер алып беремін деп, 1 350 000 теңге алған. Осыдан кейін, Оспанова Р.И. Р.Анарбаеваға бірнеше рет хабарласқан кезде, ол кейін болады деп алдап жүрген. Соңғы рет 2018 жылдың желтоқсан айында хабарласқан, содан кейін Р.Анарбаева хабарсыз қашып кеткен. Осы факт бойынша Тараз қалалық Полиция Басқармасы ҚР ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғаған. Осының алдында, яғни 02.11.2018 жылы адвокат Т.Суйменбаевтың арызы бойынша Анарбаева Рима Маратовнаның үстінен А.Н.Медетовқа қарсы алаяқтық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 190 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Бұл іс Тараз қаласының ПБ-нің тергеу бөлімінде еш қимылсыз жатыр. Анықтау барысында Р.М.Анарбаеваның кінәсі дәлелденген және соңғы кінәсін толық мойындаған. Кейін тергеуші екі істі бір өндіріске біріктірген, бірақ осыдан басқа ешқандай тергеу әрекеті жүргізілген емес. Демек, осы күнге дейін Р.М.Анарбаеваға іздестіру жарияланбаған, себебі ол тергеу орнынан бой тасалап жүр. Оған байланысты бұлтартпау шарасы қолданбаған. Осы жәйттер бойынша мен Тараз қалалық прокуратурсына арызданғанмын, бірақ еш нәтиже болмай отыр. Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, аталған қылмыстық істі өзіңіздің қадағалауыңызға алып, Р.Анарбаеваға қатаң шара қолданып, істі сотқа жібертуіңізді өтінемін. Адвокат: Суйменбаев Т.М. " оставленный на блоге прокурора поступил Ответ: Сіздің, Тараз қалалық полиция басқармасына (ары қарай – полиция басқармасы) қорғауыңыздағы А.Медетов пен Р.Оспанованың мүдделеріне қатысты Р.Анарбаеваның үстінен жазған арыздарыңыздың негізінде қозғалған қылмыстық істердің созбаландыққа салынуы және кінәлі тұлғаға шара қолданылмауы туралы өтінішіңіз қаралды. Белгілі болғаны, 03.11.2018 жылы Тараз қалалық полиция басқармасы А.Медетовтың арызымен Р.Анарбаеваның алаяқтық жолмен 950 000 теңгесін кезексіз пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен иемденіп алғаны дерегі бойынша ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен №183110031002480 қылмыстық іс қозғалған. Одан бөлек, 06.08.2019 жылы полиция басқармасымен Р.Оспанованың, оны Р.Анарбаеваның 1 350 000 теңгесін жаңадан соғылып жатқан үйлерден кезексіз пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен иемденіп алғаны туралы арызының негізінде ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен №193110031001529 қылмыстық іс қозғалған. 07.10.2019 жылы қалалық прокуратурамен аталған істерді зерделеу нәтижесімен, бір өндіріске біріктіру туралы және қылмыстық қудалау органынан бой тасалап жүрген Р.Анарбаеваға қатысты іздестіру шараларын жүргізуге бағытталған жазбаша нұсқау берілген. Қазіргі уақытта, полиция басқармасымен қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі мен қабылданған шешім туралы Сізге аталған органмен хабарланады. ҚПК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, іс бойынша уәждеріңізбен жүгінуге құқылысыз, уәждеріңіз тергеу барысында тексерілетін болады. Сонымен қатар, аталған қылмыстық істердің тергеу барысы созабалаңға салынуы бойынша заң бұзушылықтарды жою жөнінде облыстық полиция департаментіне 09.10.2019 жылы ұсыну жолданған. Жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға немесе ҚПК-нің 106-бабына сәйкес сотқа, осы жауапты тіркей отырып шағымдануға құқылысыз. Құрметті прокурор мырза осы хабарлама алғаннан кейін мен тергеу орнынан аталған қылмыстық іс бойынша ешқандай мәлімет алған емеспін. Демек, тергеуші бізді қылмыстық іс бойынша қолданған шешімдермен таныстырған жоқ, Р.Анарбаеваға іздестіру жарияланғаны туралы, бұлтартпау шарасы қолдану туралы және саралау қаулыларымен таныстырған жоқ. Сол себептен сұранарым, тергеу орнына тапсырма беріп, бізді іспен танысуға мүмкіндік беруіңізді өтінеміз.
    Жауап күні:
    9 декабря, 2019 - 09:24
    Жауап:
    Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 105-бабына сәйкес, 20.11.2019 жылғы шағымыңызды ішінара қанағаттандыру туралы қаулысы жолданады. Қосымша: қаулы 2 парақта. Қ А У Л Ы шағымды ішінара қанағаттандыру туралы Тараз қаласы 04.12.2019 ж. Жамбыл облысының прокуроры Ж.Құсайынов, қорғаушы Т.Суйменбаевтың азаматша Р.Оспанованың мүддесіне ҚПК 105-бабының талаптарына сәйкес келтірген шағымын, №183110031002480 қылмыстық іс-құжаттарын зерделеу арқылы қарап, А Н Ы Қ Т А Д Ы М: 20.11.2019 жылы облыс прокуратурасына Р.Оспанованың мүддесін қорғаушы Т.Суйменбаевтың ҚПК 105-бабына сәйкес, төмендегі уәждермен шағымы түсіп, онда: 1. Қылмыстық істің тергеу органы тарапынан созбалаңға салынып жатқаны; 2. Р.Анарбаеваға қатысты қылмыстық істің тергеп-тексеру барысын бақылауға алып, қылмыстық істі сотқа жолдауға ықпал етуді; 3. Қылмыстық іс-құжаттарымен таныстыруды сұраған. Бірінші уәжі бойынша: қылмыстық іс-құжаттарына сәйкес, 2016 жылы Р.Анарбаеваның А.Медетовке кезектен тыс пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп алаяқтық жолмен 950 000 теңгесін иемденуі дерегімен 03.11.2018 жылы Тараз қаласының полиция басқармасымен ҚК 190-бабы 1-бөлігімен №183110031002480 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Одан кейін 06.08.2019 жылы Тараз қаласының ПБ-мен Р.Анарбаеваның осындай алаяқтық жолмен Р.Оспанованың 1 350 000 теңгесін иемденгені жайты бойынша ҚК 190-бабы 1-бөлігімен №193110031001529 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 17.10.2019 жылы Тараз қаласы прокуратурасының нұсқауымен аталған қылмыстық істер ҚПК 43-бабының талаптарына сай бір өндіріске біріктірілген. Қылмыстық іс бойынша А.Медетов және Р.Оспанова жәбірленуші ретінде танылған, ал Р.Анарбаева сырттай күдікті ретінде танылып, оның іс-әрекеті ҚК 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен сараланған. Күдікті Р.Анарбаеваның қылмыстық қудалау органынан бой тасалауына байланысты оған қатысты 17.10.2019 жылы іздеу жарияланған. Іздеуге байланысты қылмыстық істің тергеп-тексеру мерзімі сол күні ҚПК 45-бабының 7-бөлігі 3-тармағына сәйкес үзілген. Күдікті Р.Анарбаева ұсталған сәтте қылмыстық істің өндірісі қайтадан жаңғыртылып, ҚПК 24-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілетін болады. Сондықтан, қылмыстық істің тергеп-тексерілуі созбалаңға салынған деуге негіз жоқ. Екінші уәжі бойынша: Аталған қылмыстық істің тергеп-тексерілуі барысы облыс және Тараз қаласы прокуратураларының бақылауына алынды. Үшінші уәжі бойынша: ҚПК 71-бабында жәбірленушінің қылмыстық процесс шеңберіндегі құқықтары тізбектелген. Оның ішінде: -келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; -өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; -сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; -өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін алу және тағы да басқа құқықтары қамтылған. Көрсетілген құқықтар шеңберінде жәбірленуші Р.Оспанова Тараз қаласының полиция басқармасының тергеушісі А.Шокаевқа қылмыстық іс құжаттарымен таныстыру туралы өтінішхат білдіруіне құқылы. Осыған байланысты, Р.Оспанованың мүддесін қорғаушы Т.Суйменбаевтың шағымы ішінара қанағаттандырылуға жатады. Жоғарыдағылардың негізінде және ҚПК-тің 105, 193 баптарын басшылыққа ала отырып, Қ А У Л Ы Е Т Т І М: Азаматша Р.Оспанованың мүддесін қорғаушы Т.Суйменбаевтың ҚПК 105-бабының талаптарына сәйкес түскен шағымын ішінара қанағаттандыруды. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда ҚПК 106-бабына сай сотқа арыздану құқығын түсіндіруді. Қабылданған шешім туралы мүдделі жақтарға хабарлауды. Облыс прокуроры Ж. Құсайынов
  • Сұрақ №: 50680
    Дата: 19.10.2019 16:31:42
    Аты-жөні: Малаев Айбек
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! Сізге қоятын сауалым: жеке сот орындаушы менің жұмыс орныма сот шешіміне байланысты айлық табысымнан қажетті ақшаны өндіру туралы жібереді. Жұмыс орнымнан қажетті соманы ұстап, қалған ақшамды жібереді. Бірақ карточкама ол ақша түспейді, себебі жеке сот орындаушы карточкама арест салып қойған және де менің счётіма түскен ақшаны толық алып алдым деп жауап береді. Менің солай жасауға құқығым бар дейді. Сізден сұрайын дегенім қаншалықты жеке сот орындаушының іс-әрекеті дұрыс? 100% ақшамды ұстап отыр. Бала шағамды немен асыраймын деген сұраққа, қайта тез құтыласыз немесе көршіңізден сұрап алыңыз деген сияқты жауаптар қайтаруда? Осы сауалыма жауап күтемін
    Жауап күні:
    28 қазан, 2019 - 18:06
    Жауап:
    Сіздің жеке сот орындаушының әрекетіне қатысты жазған өтінішіңіз Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 6-бабы негізінде, Жамбыл облысының Әділет департаментіне қарау үшін жіберілгенін хабарлаймыз. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша аталған органмен хабарланатын боласыз.
  • Сұрақ №: 50464
    Дата: 10.09.2019 19:34:44
    Аты-жөні: Байгожина Лаззат
    Сұрақ:
    кайырлы кун! Құрметті прокурор мырзалар инстаграмм арқылы тұтас елді ақшаңызды өсіріп берем деп алдап отырған Тоқтарбаева Ақжарқын Поштабайқызы деген ханымға бұл елде қолданатын шара жоқ па? Интернетті қарап отырсам қанша адамды зар қақытырып отыр екен. Мен де осыдан 3 күн бұрын алданып 40 мың теңгемнен айырылып отырмын. 3 балам бар декреттегі адам едім. Бұрын соңды өзгелердің "алаяқтарға алдандым" дегенін естігенде таң қалушы едім. Бірақ ақшадан қысылған адам шарасыздықтан бір жақсылық болар деп сенеді екен. Мен де сендім. 3-4 сағатта өсіріп берем деген сөзіне. Сіздерден асыға жауап күтемін. Ақшамды қайтаруға ықпал едеді деген сенімдемін.
    Жауап күні:
    20 сентября, 2019 - 11:17
    Жауап:
    Сіздің, А.Тоқтарбаеваға алаяқтық әрекеттері үшін тиісті шара қолдану туралы арызыңыз қаралды. 18.09.2019 жылы А.Тоқтарбаеваға қатысты арызыңыз Сарысу аудандық ПБ-не процестік шешім қабылдау үшін жолданды. Арызды тексеру нәтижесі және қабылданған шаралар туралы сізге Сарысу аудандық ПБ-мен хабардар боласыз. Сарысу аудандық прокуратурасына сіздің арызыңызды және А.Тоқтарбаеваға қатысты тіркелген қылмыстық істерді бақылауға алу тапсырылды. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда, көшірмесін тіркеп, жоғары тұрған прокурорға немесе ҚПК-тің 106 бабына сай сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 50209
    Дата: 31.07.2019 11:53:02
    Аты-жөні: Жарылқасынов Серғали
    Сұрақ:
    Құсайынов Жарқын Қуанышұлы! Менің сіздерге хат жіберу себебім, 12.04.19 жылы «Алматы - Ташкент» тас жолының, Жуалы ауданына қарасты автожолда жол-көлік оқиғасы орын алған еді. Яғни, онда Toyota Camry 487 AAZ /17 жеңіл автокөлікпен Scania H1920/02 жүк көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota Camry автокөліктің ішінде жолаушылармен автожүргізуші дене жарақаттарын алған. Және Toyota Camry автокөлігіне үлкен зақым келген. Осы іс бойынша оқиға күннен бастап арнайы автокөлікпен, денсаулыққа байланысты екі ай ішінде сараптама (экспертиза) жүргізді. Сараптама қорытындысы бойынша Toyota Camry 487 AAZ /17 жеңіл автокөлікті тізгіндеген Серғали Жарылқасынов «кінәсіз» деп танылды. Ал, Scania H1920/02 жүк көлігі жүргізген Гальмир Уржанов есімді азамат «кінәлі» деп көрсетілген. Енді осы іс бүгінде Жуалы АПБ бастығы – Қойкенов Мергенбай Бірлікұлы басшылық ететін бөлімде қаралуда. Алайда, жинақталған мәліметтер әлі Сотқа өтпей жатыр. Қысқасы, ешбір нәтиже немесе хабарлама жоқ. Осыған байланысты сізден өтінерім өзіңізге баяндалған істі назарыңызға алып, теріс қылып болмауын қадағалауыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    15 августа, 2019 - 16:46
    Жауап:
    Облыс прокуратурасымен сіздің 12.04.2019 жылы Алматы-Ташкент тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша шара қолдану жөнінде жазған арызыңыз негізінен қарап, тиісті шара қолдану үшін Жуалы аудандық прокуратурасына жолданды. Арыңызда көрсетілген уәждеріңіз мұқият тексеріп, қарау нәтижесі заңда көрсетілген мерзімде Жуалы аудандық прокуратурасымен хабарланатын болады.

Беттер