Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 51376
    Дата: 13.03.2020 22:52:41
    Аты-жөні: тасов и
    Сұрақ:
    Өзіңіз білесіз, шағын және орта кәсіпкерлік ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Оны Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 18 қазанда Мәжілісте өткен жиында арнайы атап өтіп, бизнеске қолдау көрсету бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттігін ескертті. Біздің мемлекетіміз кәсіпкерлерді қорғауға үнемі көңіл бөліп, арнайы бағдарламалар қабылдап, түрлі шараларды іске асырып жатыр. Дегенмен, өз ғимаратың болмаса, бизнес жүргізу қиын болатыны белгілі. Қаражат қаланы айтпағанда, ауылдық жерде ғимарат салып, бизнес жүргізуге жете ме? Қазір құрылыс объектісін салу үшін небәрі екі құжат қажет екен. Алайда, кез келген құрылыс салушы осы құжатты алу үшін құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту кезінде түрлі қиындықтарға тап болады. Мәселен, ауылда жалпы құрылыс алаңы 120 – 200 шаршы метр болатын бір қабатты дүкен ғимаратын салу үшін оның құжаттарын ресімдеуге қыруар қаржы жұмсалады. Кейде ол жалпы сметалық құнның жартысынан асып кетеді екен. Кәсіпкерлердің айтуынша, жерге орналастыру жобасын, мемлекеттік актіні немесе кадастрлық жоспарды, эскиздік жобаны, құрылыс объектісі орналасатын жердің топографиялық түсірілімін жасату, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жұмыс жобасын әзірлету, қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалату, жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу, жобаның авторымен, сондай-ақ мердігермен келісімшарт жасау үшін бір немесе бір жарым миллион теңге шығаруға тура келетін көрінеді. Сол ғимаратты реконструкциялау, кеңейту үшін де осындай құжаттарды 31.10.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы) рәсімдеу талап етіледі. Ауылдық жерде қарапайым, көлемі шағын құрылыстар салуға сонша көп құжат талап ету, сөйтіп шағын және орта кәсіпкерлікті орынсыз шығынға ұшырату не үшін қажет? Бұрын бұл мәселені шешуге мұншалықты көп құжат талап етілмейтін. Қазір осынша көп құжатты әзірлеу және оны талап ету шағын және орта бизнестің шығынын көбейтіп, дамуына кедергі болып отыр. Осы мәселені шешу үшін мемлекетімізде жүргізіліп отырған рұқсат беру құжаттарын оңайлату саясатын ескере отырып, мынадай шаралар қабылдау қажет деп ойлаймыз. Біріншіден, ауылдық елді мекендерде, оның ішінде шаруа, фермер қожалығы жерлерінде салынатын шағын объектілер (дүкен, монша, база, шаруашылық үйі, балабакша т.б.) санаттарын анықтап, олардың құрылысына рұқсат беру құжаттарын оңайлату үшін нормативтік құқықтық актілерді жан-жақты қарап, талқылап, оларға өзгеріс енгізу мәселелерін қарау керек. Екіншіден, облыстық деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдардың функцияларын аудан деңгейіндегі атқарушы органдарға беру мүмкіндігін қарау керек. Бұл кәсіпкерлерді алыс қашықтыққа жол жүріп, шығын шығарып, уақыт жоғалтудан құтқарады. Үшіншіден, жер учаскелерін беру кезінде құрылыс салуға бастапқы рұқсат беру құжаттарын (сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарын) көздеу қажет. Бұл кәсіпкерлерді әрі қарай құжат жинаудан босатып, олардың уақытын да, қаржысын да үнемдейді. Төртіншіден, салынып жатқан объектілердің сапасын жақсарту, қағазбастылық пен бюрократиядан арылу үшін объектілер құрылысын цифрландыру қажет. Сондықтан осы мәселелерді қарап, тиісті шешім қабылдауды сұраймыз.
    Жауап күні:
    19 марта, 2020 - 09:32
    Жауап:
    И. Тасовқа Төле би көш., №273/4, №154 пәт., Алматы қаласы Сіздің облыс прокуратурасына қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы жазған өтінішіңіз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтынын хабарлайды. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санатын мынадай: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне және іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді, сондай-ақ Сіздің уәждеріңізде уәкілетті органның қарау мүмкіндігі пайдаланылмаған. Заңның көрсетілген талаптарын ескере отырып, Сіздің өтінішіңіз Жамбыл облысының әкімдігіне қарау үшін жіберілді. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарау жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа беріледі. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз. Сонымен қатар, Сіздің заңнаманы жетілдіруге өз үлесіңізді қосып жатқаныңыз үшін алғыс білдеріміз және ұсынысыңыз назарға алынды . Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд. Д. Кемелхан, тел. 45-59-32
  • Сұрақ №: 51288
    Дата: 24.02.2020 23:32:38
    Аты-жөні: Ермекбаева Айнур
    Сұрақ:
    Жамбыл облысының прокуроры Абдиров Нургалым Мажитовичке Азаматша Ермекбаева Айнур Кендебаевнадан 30.03.1971 жылы туылған Мекен-жайы: Жамбыл облысы Жанатас қаласы 3 мөлтек 49-үй 56 пәтер ИИН 710330402500 тел.87788763676. Жұмыс орным Жанатас қаласы Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А Р Ы З Заң тарапынан маған қолдау көрсетуіңізді өтінемін , менің , мектеп директорым , маған қызмет орнымды себепсіз босатуымды жарты жыл бұрын сұраған еді , мақсаты – мені өз еркіммен жұмыстан кетіру. Мен оған келіскен жоқпын. Содан бері директордың қаһарына ілігіп , қудалауға түстім. Менсіз сыртымнан жиналыстар жасап , менің қатысуымсыз хаттамалар толтырылып , тіпті қатаң сөгіс бергенің жақында білдім , бұйрықтарын таңыстырмаған , жиналыстың хаттамаларын сұрасам бермейді. Сөгіс беріп , сені жұмыстан қуып шығамын деп , еңбек құқығымды , конституциялық құқығымды бұзып , жұмыс істеуіме мүмкіншілік бермей жатыр , жоғарыда адамы барын айтып , қорқытып , білгенің жасап келе жатыр. Менің арыз беру себебім , мына төмендегіше: маған Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназия директоры Р.Қамбарбаева сыртымнан 2019 жылы 24 желтоқсан күні №161 бұйрықпен қатан сөгіс бергендігін және сөгіс берілгендігін енді білдім. Осы 2020 жылы 7 қаңтар күні үйге жіберген Каз пошта хаты арқылы сол бұйрықты алдым. Осы бұйрықты қалай сыртымнан заңсыз шығарған.Бірақ мені бұл бұйрықпен таңыстырған жоқ. Мені 2019 жылы қараша айында 4-5 мәрте өзіне шақырып, осы қызметті өз еркіңмен босат , босатпасаң сені осы жұмыстан кетіремін деп , қорқытуын бастады. Орныңа қоятын өз адамым бар деп ашық айтты. Оның есімі кім дегенімде ,мектепте әлеуметтік педогог болып қызмет жасайтын Есенбаев Азаматты айтты. Содан бері менің сыртымнан неше түрлі актілер мен хаттамалар толтырып , мені жиналысқа шақырмай , құжаттарды жинағандығын енді білдім. 26 қаңтар 2020 жылы мектеп – гимназия директоры Р.Қамбарбаеваның атына өтініш жаздым , яғни сыртымнан жасалған барлық хаттамалардың көшірмесін алып , танысу үшін , сондағы алған жауабым мынадай:Сіздің 2020 жыл 25 қаңтардағы өтінішіңіз бойынша хабарлаймын.Сіз осы мекеменің қызметкері ретінде мектеп жиналыстарында талқыланып жатқан сұрақтар мен қорытындылар , қабылданған шешімдермен сыртай таныссыз. Ал жеке тұла ретінде сізге мекеме құжаттарының көшірмесі берілмейді , себебі олар мекеменің ішкі жұмыс құжаттары , жариялануға жатпайды. Осы 2020 жылдың 15 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясының директоры Р.Қамбарбаевадан бір күнге семья жағдайыма байланысты жұмыстан босатуыңызды деп сұрандым , өтініш жазып. 2020 жылдың 17 ақпан күні жұмыста Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясында сағат 13-00 дейін болып , Сарысу аудандық орталық ауруханасына күндізгі стационарлық ем алу бөліміне еңбеке уақытша жарамсыздық қағазын аштыртым сағат 14-00 мин шамасында, ауруханада жатқанымда 19.02.2020 жылы сағ 09:58 шамасында Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясының оқу ісі жөніндегі орынбасары Манат Смаилова телефон арқылы мына төмендегіше мән-жайлар бойынша хабарлады , яғни Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясының директоры Р.Қамбарбаева сені директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен заңсыз алып тастағанын , сыртымнан бұйрық шығарғанын , төменгі қызметке ауыстыруға менің келісімінді қажет етпей бөлінген сағатты алып кетуімді ескертті. Осындай заңсыздықты қалай жасай береді , менен қызметті ауыстыру туралы өтінішті жаздырмай , сыртымнан жұмыстан шығару арқылы еңбек кодексін өрескел бұзып отыр. Мектеп директоры қолында мектеп печаты мөрі болғандықтан , кез келген құжаттарға сыртымнан мөрін қойып , бұйрықтарын жалған жасап шығара бергендігі анықталды , менің ешқандай бұйрықтарда қолым жоқ яғни танысқаным туралы немесе алғаным туралы қолдарым жоқ , немесе сол жалған сыртымнан жасалған, мені жиналысқа болды қылып, жиналысқа қатыстырмай, жиналыс болатыны туралы аитпай, хаттамалар жасай берген сол жиналыста мені қарағансып, сөгістер мен қатаң сөгістерді сыртымнан бере берген. Ол келгенде өзінің жинаған орынбасарларымен неше түрлі хаттамаларды жасатып мұғалімдермен өзіне қатысты жақын , сенімді адамдарына қол қойдырып жасай берген,сырттай ешкімге хабарламай таныстырмай. Мектептің ұжымдық шартында міндетті түрде кәсіподақ тарапынан жазылған қызметкердің сағатын алған кезде немесе қоскан кезде немесе жұмыстан ауыстырып босатылған кезде қызметкердің міндетті түрде жазбаша келісімі керек. Мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жұмысынан қазақ тілі мен әдебиет пәніне байланысты ауыстыруыңызды өтінемін деп өтініш берген жоқпын. Немесе осындай сіздің ауыстыруыңызға келісемін депте келісім берген жоқпын. Осы 2018 жылдың 5 ақпан күні Алматы қаласына оқуға бардым ол кезде мен бір ставка завуч едім 0,5 9 сағат апталық жүктемем бар еді , 2018 жылдың қыркүйек айында менің келісімімсіз 3 сағатымды ескертпестен алып койды. 2018 жылдың 14 желтоқсан күні оқуым аяқталып , 16-17 күні демалып , 18 күні жұмысқа кіріскенімде , менен 3 сағат алып койғанын мен сол кезде білдім. Ауысша барып айтқанымда өзіме айқайлап еш мүмкіндік бермеді. Жазбаша менен келісім алған жоқ , тура осы жағдай 2020 жылдың 15 қпан күні қайталанып , заңсыз жұмыстан алып отыр. Қ.Р Педагог мәртебесі туралы және Еңбек кодексін өрескел бұзған факті бойынша заңда көрсетілген арызыма жазбаша жауап беруіңізді сұранамын , жоғарыдағы М.Әуезов мектеп – гимназиясының директорына заң бұзушылық бойынша шара қолдануыңызды өтінемін. Арыз өз қолыммен дұрыс жазылды. Арыз иесі:А.Ермекбаева 24.02.2020 ж
    Жауап күні:
    19 марта, 2020 - 09:27
    Жауап:
    17.03.2020ж. 2-07-20-02818 А.Ермекбаеваға Құрметті Айнур Кендебаевна! Сіздің Бас прокуратураның блогына түскен арызыңыз облыс прокуратурасымен қаралды. Арызыңызда Сіз Жаңатас қаласы, М.Ауезов атындағы мектеп-гимназиясы директоры Р.Қамбарбаеваның әрекеттерімен келіспейтіңдігініз туралы дәлелдерді келтірдіңіз, атап айтқанда: 1. «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту (24.12.2019 ж. №161 бұйрық); 2. мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босату; 3. жүктеменің саны өзгеруі; Сіздің дәлелдеріңізді тексеру барысында келесілер анықталды. Бірінші дәлел бойынша. Мектеп директоры Р.Қамбарбаеваның берген түсініктемелеріне сәйкес, 24.12.2019 жылғы №161 бұйрығымен Сіз «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаныңыз анықталды. Тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін атқарылған жұмыс туралы жарты жылдық есепті ұсынбау, жекелеген тапсырмаларды орындамау, сондай-ақ педагогтің қызметтік этикасын бұзуда көрініс тапқан бұзушылықтар негіз болды. ҚР Еңбек кодексінің 65 бабына сәйкес, жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің актісін шығару арқылы қолданады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалады. Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады. Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті. Ұсынылған құжаттарды зерттеу нәтижесінде, Сізді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрық шығару кезінде жұмыс беруші тарапынан түсініктеме беруден бас тарту туралы 23.12.2019 жылғы №16 Акт жасалғаны анықталды. Сонымен қатар, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықпен танысудан бас тарту туралы 27.12.2019 жылғы №17 Акт жасалды. Еңбек кодексінің 65-бабында көрсетілген талаптарды сақтау шеңберінде, Сіздің мекен-жайыңызға почта байланысы арқылы хабарламамен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 24.12.2019 жылғы №161 бұйрық жіберілген (09.01.2020ж. жеткізу туралы түбіртек). Екінші дәлел бойынша. Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес, қызметкердің еңбек функциясының өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, білiктілiк бойынша орындау қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру болып табылады. Бұл ретте, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі және еңбек шартқа тиісті өзгерістерді енгізу мен жұмыс беруішінің актісімен рәсімделеді. Ұсынылған материалдар бойынша мектеп-гимназия директорының 15.02.2020 жылғы №68 бұйрығымен Сіз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындалғаныңыз анықталды. Еңбек кодексінің 38-бабында көрсетілген талаптарды сақтау шеңберінде, жұмыс беруші Сіздің 15.02.2020 жылғы №68 бұйрықпен танысудан бас тарту туралы 18.02.2020 жылы Актіні жасау бойынша шаралар қабылдады. Үшінші дәлел бойынша. Еңбек кодексінің 46 бабына сәйкес, қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Жоғарыда көрсетілген фактілер қолданыстағы еңбек заңнамасында көзделген нақты тізбе мен негіздер, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеру тәртібі қарастырылғанын куәландырады. Осылайша, арызыңыздың мәнінен Сіз бен жұмыс берушінің арасында даудың пайда болғаны көрінеді. Ал Еңбек кодексінің 159 бабына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. Жоғарыда көрсетілгенді ескеріп, Сіздің арызыңыз еңбек мәселесіне қатысты бөлігі Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына және гимназия мектебінің директоры Р.Қамбарбаеваның іс-әрекетіне қатысты бөлігі облыс әкімдігінің білім басқармасына тексеру ұйымдастыру үшін жолданды. Нәтижелері туралы Сізге органдармен хабарланады. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд.: Ш.Таштамиров тел: 45-25-44
  • Сұрақ №: 51250
    Дата: 15.02.2020 11:48:37
    Аты-жөні: Ермекбаева Айнур
    Сұрақ:
    Жамбыл облысының прокуроры Н.М.Абдиров мырзаға Жаңатас қаласы Мұхтар.Әуезов мектеп – гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермекбаева Айнур Кендебаевнадан Мекен-жайы 3-49-56 пәтер С:87788763676 А Р Ы З Заң тарапынан маған қолдау көрсетуіңізді өтінемін , менің , мектеп директорым , маған қызмет орнымды себепсіз босатуымды жарты жыл бұрын сұраған еді , мақсаты – мені өз еркіммен жұмыстан кетіру. Мен оған келіскен жоқпын. Содан бері директордың қаһарына ілігіп, қудалауға түстім. Менсіз сыртымнан жиналыстар жасап , менің қатысуымсыз хаттамалар толтырылып , тіпті қатаң сөгіс бергенің жақында білдім , бұйрықтарын таңыстырмаған , жиналыстың хаттамаларын сұрасам бермейді.Сөгіс беріп , сені жұмыстан қуып шығамын деп , еңбек құқығымды , конституциялық құқығымды бұзып, жұмыс істеуіме мүмкіншілік бермей жатыр , жоғарыда адамы барын айтып , қорқытып , білгенің жасап келе жатыр. Менің арыз беру себебім , мына төмендегіше: мен Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – гимназиясының директоры Р.Қамбарбаева сыртымнан 2019 жылы 24 желтоқсан күні №161 бұйрықпен қатан сөгіс бергендігін және сөгіс берілгендігін енді білдім. Осы 2020 жылы 7 қаңтар күні үйге жіберген Каз пошта хаты арқылы сол бұйрықты алдым. Осы бұйрықты қалай сыртымнан заңсыз шығарған , себебі осы бұйрықпен мен оқып таңысқан жоқпын , ешқандай келіспеймін. Маған 2019 жылы қараша айында 4-5 мәрте өзіне шақырып, осы қызметті өз еркіңмен босат , босатпасаң сені осы жұмыстан кетіремін деп ескі әуенің қайта бастады. Орныңа қоятын өз адамым бар деп ашық айтты. Оның есімі кім дегенімде ,мектепте әлеуметтік педогог болып қызмет жасайтын Есенбаев Азаматты айтты. Содан бері менің сыртымнан неше түрлі актілер мен хаттамалар толтырып , мені жиналысқа шақырмай жасай бергендігі туралы құжаттарды жинағандығын енді білдім, бірақ та хаттамаларды ала алмадым. Осы 26 қаңтар 2020 жылы директор Р.Қамбарбаеваның атына өтініш жаздым , яғни сыртымнан жасалған барлық хаттамалардың көшірмесін алып , танысу үшін ,бірақ ала алмадым. Қ.Р Педагог мәртебесі туралы және Еңбек кодексін өрескел бұзған факті бойынша заңда көрсетілген арызыма жазбаша жауап беруіңізді сұранамын , жоғарыдағы М.Әуезов мектеп – гимназиясының директорына заң бұзушылық бойынша шара қолдаңуынызды өтінемін. Арыз өз қолыммен дұрыс жазылды. Арыз иесі:А.Ермекбаева 15.02.2020 ж
    Жауап күні:
    19 марта, 2020 - 09:24
    Жауап:
    17.03.2020ж. 2-07-20-02818 А.Ермекбаеваға Құрметті Айнур Кендебаевна! Сіздің Бас прокуратураның блогына түскен арызыңыз облыс прокуратурасымен қаралды. Арызыңызда Сіз Жаңатас қаласы, М.Ауезов атындағы мектеп-гимназиясы директоры Р.Қамбарбаеваның әрекеттерімен келіспейтіңдігініз туралы дәлелдерді келтірдіңіз, атап айтқанда: 1. «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту (24.12.2019 ж. №161 бұйрық); 2. мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босату; 3. жүктеменің саны өзгеруі; Сіздің дәлелдеріңізді тексеру барысында келесілер анықталды. Бірінші дәлел бойынша. Мектеп директоры Р.Қамбарбаеваның берген түсініктемелеріне сәйкес, 24.12.2019 жылғы №161 бұйрығымен Сіз «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылғаныңыз анықталды. Тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін атқарылған жұмыс туралы жарты жылдық есепті ұсынбау, жекелеген тапсырмаларды орындамау, сондай-ақ педагогтің қызметтік этикасын бұзуда көрініс тапқан бұзушылықтар негіз болды. ҚР Еңбек кодексінің 65 бабына сәйкес, жұмыс беруші тәртіптік жазаны, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің актісін шығару арқылы қолданады. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін жұмыскерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Егер екі жұмыс күні өткеннен кейін жұмыскер жазбаша түсініктеме бермесе, онда тиісті акт жасалады. Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі бола алмайды. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған жұмыскерге қолын қойғызып хабарланады. Жұмыскер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде бұл туралы тиісті жазба жасалады. Жұмыскерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, жұмыс берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс беруші жұмыскерге хабарламасы бар хатпен тәртіптік жаза қолдану туралы актінің көшірмесін жіберуге міндетті. Ұсынылған құжаттарды зерттеу нәтижесінде, Сізді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрық шығару кезінде жұмыс беруші тарапынан түсініктеме беруден бас тарту туралы 23.12.2019 жылғы №16 Акт жасалғаны анықталды. Сонымен қатар, тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықпен танысудан бас тарту туралы 27.12.2019 жылғы №17 Акт жасалды. Еңбек кодексінің 65-бабында көрсетілген талаптарды сақтау шеңберінде, Сіздің мекен-жайыңызға почта байланысы арқылы хабарламамен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы 24.12.2019 жылғы №161 бұйрық жіберілген (09.01.2020ж. жеткізу туралы түбіртек). Екінші дәлел бойынша. Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес, қызметкердің еңбек функциясының өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, білiктілiк бойынша орындау қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру болып табылады. Бұл ретте, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол беріледі және еңбек шартқа тиісті өзгерістерді енгізу мен жұмыс беруішінің актісімен рәсімделеді. Ұсынылған материалдар бойынша мектеп-гимназия директорының 15.02.2020 жылғы №68 бұйрығымен Сіз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындалғаныңыз анықталды. Еңбек кодексінің 38-бабында көрсетілген талаптарды сақтау шеңберінде, жұмыс беруші Сіздің 15.02.2020 жылғы №68 бұйрықпен танысудан бас тарту туралы 18.02.2020 жылы Актіні жасау бойынша шаралар қабылдады. Үшінші дәлел бойынша. Еңбек кодексінің 46 бабына сәйкес, қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының осы баптың 1-тармағында көрсетілген себептер бойынша орын алған өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Жоғарыда көрсетілген фактілер қолданыстағы еңбек заңнамасында көзделген нақты тізбе мен негіздер, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеру тәртібі қарастырылғанын куәландырады. Осылайша, арызыңыздың мәнінен Сіз бен жұмыс берушінің арасында даудың пайда болғаны көрінеді. Ал Еңбек кодексінің 159 бабына сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын – келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды. Жоғарыда көрсетілгенді ескеріп, Сіздің арызыңыз еңбек мәселесіне қатысты бөлігі Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына және гимназия мектебінің директоры Р.Қамбарбаеваның іс-әрекетіне қатысты бөлігі облыс әкімдігінің білім басқармасына тексеру ұйымдастыру үшін жолданды. Нәтижелері туралы Сізге органдармен хабарланады. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд.: Ш.Таштамиров тел: 45-25-44
  • Сұрақ №: 51108
    Дата: 15.01.2020 23:24:34
    Аты-жөні: Бекмуратова Багдагул
    Сұрақ:
    Саламатсызба. 13 желтоксан 2019 ж. Каратау каласында сот отырысы болды. Алимкулова Г.А. сот шешымын шыгарды.Казакбаева Фатимадан 106000 тенге колемынде ондырып беру керек еды. Бырак сот шешымы орындалмай калды. Отыныш маган осы маселен шешып берсеныз.
    Жауап күні:
    17 января, 2020 - 11:29
    Жауап:
    Б.Д. Бекмуратоваға Қаратау қаласы, Талас ауданы Құрметті Багдагул Дуйсенбаевна! Аудан прокуратурасы Сіздің Бас Прокурордың блогында орналастырылған Талас аудандық сотының шешімі орындалмай жатқандығы туралы арызыңызды қарады. Сот шешіміне сәйкес, 13 желтоқсан 2019 жылы Талас аудандық сотымен жауапкер Ф.Қазақбаевадан қарыз сомманы өндіріп алу туралы талап арызыңыз толық көлемде қанағаттандырылған және азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 403-бабының 3-бөлігіне сәйкес, апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты, осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап бір ай ішінде беруі мүмкін. Осы кодекстің 147-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жауапкер оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарған сотқа сот шешімінің көшірмелерін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Арыз, егер жауапкер талап қою арызының келіп түскені және оның оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатыны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған және пікірді, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерді ұсына алмаған жағдайда беріледі. Демек, қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген сот шешімі заңды күшіне енбеген және сот шешімін орындау үшін біріншіден заңды күшіне енуі қажет екендігін түсіндеремін. Сонымен қатар, аталған жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған прокурорға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз. Талас ауданы прокурорының И. Тойшибеков
  • Сұрақ №: 51023
    Дата: 30.12.2019 12:57:55
    Аты-жөні: Қасымов Жұмабек
    Сұрақ:
    Құрметті Жарқын Қуанышұлы! 2019 жылдың 24 желтоқсанда Шу аудандық мәслихат сессиясында Шу қаласы мен Төле би ауылының бас жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (әрі қарай – бөлім) тапсырыс беруші ретінде ұсыныс енгізіп, депутаттармен дауыс берілген болатын. Алайда, бөлім бас жоспар талаптарын заң талаптарын бұза отырып ұсынған: 1) 2008 жылы Шу қаласын кеңейту мақсатында шекаралас жатқан ауылдық округтерден жер қосып беріп, Шу қаласының шекаралары бекітілген және 2013 жылы Шу қаласының жаңа бас жоспары дайындалып бекітілген болатын. Аталған бас жоспар Шу қаласы халқының саны 90 000 адамға өсімі ескеріле отырып дайындалып 2038 жылға дейін жарамды болатын. Бас жоспарға заң талаптарына сәйкес 5 жылда кейбір өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болады, бірақ Заңның 13 бабына сәйкес қала тұрғындары, жеке, заңды тұлғалардың пікірі мен ұсыныс ескертпелерін назарға алып, тыңдаулар өткізіп, сол тыңдауда көтерілген мәселелер бойынша бас жоспарға өзгерістер енгізу қажет. Бұл жөнінде аталған бөлімге және аудандық мәслихат хатшысы Е.Өмірәлиевке қала тұрғыны ретінде ескерткен болатынмын. 2) 2013 жылдары бекітілген бас жоспарға өзгеріс енгізуге не себеп болғаны да түсініксіз. 3) Бас жоспарға қаржы қаралғанда алдын-ала болжам есеп болу қажет (елді мекеннің қанша аумағы және қандай қала құрылысы құжаттары дайындалу тиіс) түсініксіз, әлде 75,0 млн.теңге мемлекет қаражаты далада жатыр ма? Қаражатты одан да басқа жол, ауыз су, инфрақұрылымдарға жұмсап халыққа жағдай жасамай ма? Немесе ескі бас жоспарды назарға алып, сол қаражатқа егжей-тегжей жоспарын (ПДП) дайындауға болушы еді. 4) Өзгертілген жаңа бас жоспар бойынша Шу қаласы халқының өсімі қанша адамға есептелген? 5) Бас жоспарға өзгеріс енгізгенде 2013 жылғы жоспар ешқандай негізге алынбаған. Құрметті Жарқын Қуанышұлы! Жоғарыдағыны қорытындылай келе, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің өткізген мемлекеттік сатып алу мен бас жоспарды дайындау нормаларының заңдылығын тексеріп, орын алған кемшіліктерді жоюға ықпал етуіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    31 желтоқсан, 2019 - 14:21
    Жауап:
    Сіздің Шу ауданының жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты жазған арызыңыз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтынын хабарлайды. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санатын мынадай: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне және іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді, сондай-ақ Сіздің уәждеріңізде уәкілетті органның қарау мүмкіндігі пайдаланылмаған. Заңның көрсетілген талаптарын ескере отырып, Сіздің өтінішіңіз Жамбыл облысының әкімдігіне қарау үшін жіберілді. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарау жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа беріледі. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз.

Беттер