Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 52043
    Дата: 25.06.2020 23:33:46
    Аты-жөні: Азаматша Каролине
    Сұрақ:
    Құрметті әкім,біз Мойынқұм аудан тұрғындары Қазахстан республикасынын Президент Қ.Токаевтың шығарған занының орындалмай отырғанына наразылық білдіреміз. Атап айтқанда Мойынқұм аудан әкімі М.Мұсаевтың орынбасары А.Шалқарбековтың “ЖКХ” бөлімінің бас маманы К.Ниазалының жемқорлық бабы бойынша сотталуына қарамастан отставкаға кетпеуі не себеп. Заң қарапайым азаматтар үшін болек, әкімдер үшін болекпа. Әділ шешім кабылдайды деп сенім білдіреміз. Мойынқұм аудан тұрғындары.
    Жауап күні:
    8 шілде, 2020 - 17:33
    Жауап:
    Сіздердің 02.07.2020 ж. платформа блогынын келіп түскен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкіміне қатысты жазған ұжымдық өтініштеріңіз, Жамбыл об- лысы әкімінің аппаратына қарау үшін жолданды. ҚР Прокуратура туралы Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар, сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағ- дайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтынын хабар- лайды. Бұл ретте өтініштердің көрсетілген санатын прокурорлар: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылық бұзылған немесе олардың басталу қаупі төнген; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемле- кеттік органның не оның лауазымды адамдарының қызметінде мүдделер қақты- ғысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды адамдарының шешімі мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған жағдайларда ғана қа- райды. Сіздердің өтініштеріңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес кел- мейді, сондай-ақ уәкілетті органдармен Сіздердің уәждеріңіз қаралмаған. Осыған орай, аталған Заң талаптарын ескере отырып, Сіздердің өтініштеріңіз қарау үшін Жамбыл облысының әкімдігіне жолданды. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіздер ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құ- қылысыздар.
  • Сұрақ №: 51666
    Дата: 03.05.2020 14:18:58
    Аты-жөні: Джункабаева Майра
    Сұрақ:
    Должник Досаев Алибек Шераливичтин алимент карызын мен отказ бергенмин, енді сол жылдардағы қарызды қайтадан өндіруге болма ? делосы Нурханова Алма Журсиновада болган
    Жауап күні:
    20 мамыр, 2020 - 11:34
    Жауап:
    Сіздің алимент бойынша қарызды қайта өндіру туралы арызыңыз қала прокуратурасымен қаралды. 02.07.2014 жылы мемлекет сот орындаушысымен №2097-13 атқарушылық құжаттың негізінде борышкер А.Досаевтан Сіздің пайдаңызға 3 АЕК көлемінде алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Алайда, Сіз аталған өндірісті қысқарту және келешекте борышкерге қояр талап тілектеріңіз жоқ туралы 01.06.2015 жылы жазған арызыңыздың негізінде атқарушылық іс жүргізу сот орындаушысымен 03.06.2015 жылы тоқтатылды. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 47-бабы 2-тармағына сәйкес, атқарушылық құжаттың орындауға ұсынылу мерзімін сот қалпына келтірген не сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды. Сонымен қатар, борышкер А.Досаевтан Сіздің пайдаңызға кәмелетке толмаған Ә.Шералыны асырауға арналған алименттерді өндіру туралы Тараз қалалық сотының 08.02.2013 жылғы бұйрығы 12.07.2016 жылы жазған арызыңыздың негізінде 28.07.2016 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша жеке сот орындаушылардың орындауында екені анықталды. 11.07.2017 жылы атқарушылық құжат бойынша борышкердің жұмыс орнына 20-шақты есеп шотыңызды көрсетіп орындау үшін жолданған. Осыған орай, аталған атқарушылық іс жүргізуге қатысты толық мәліметті алу үшін жеке сот орындаушысы А.Утеуовқа (мекен-жайы: Тараз қаласы, Ленин көшесі №28 ұялы телефон 87022822607, эл.поштасы uteuov.asylzhan@mail.ru) жүгінуге құқылысыз.
  • Сұрақ №: 51573
    Дата: 20.04.2020 09:39:09
    Аты-жөні: Рахимов Даулет
    Сұрақ:
    Үстіміздегі жылдың наурыз айының 6 -сында қалалық прокуратураға полиция қызметкерлері жайында арыздандым. Талон номері 203110000010100487. Талонда корсетілгендей сол айдың 10-нында канцелярия бөлімінен Жангелдиев Бақытжан есімді қызметкердің менің арызыма жауап беретін тұлға екенін білдім. Аталған қызметкерден және қалалық прокуратурадан 4-5 күнде арызыма байланысты жауап ала алмағаннан соң облыстық прокуратурасындагы Нұрлан Әжібаев мырзға хабарласып , Жангелдиев Баквтжан мырзаның жауап бермей жүргенін телефон арқылы айттым. Артынша Бақытжан мырза ұялы телефоныма телефон соғып, Казпошта арқылы жауапты аласыз деп жауап берді. Бірақ мен одан электрондық пошта арқылы алсам жедел болар еді деген сезімді келмей, дөрекі формада Қазпоштаның жұмысына жауап бермейтіндігін айтып телефон ды тастай салды. Сіздерден қызметтік тексеріс жасап менің арызыма селқостық көрсетіп жүрген қалалық прокуратура қызметкерлеріне шара қолдануыңызды сұраймын. Мен арызыма әлі де жауап ала алмадым.
    Жауап күні:
    24 апреля, 2020 - 17:34
    Жауап:
    Облыс прокуратурасы сіздің 06.03.2020 жылғы Тараз қаласы прокуратурасына жазған арызыңызға жауап берілмегені жөнінде шағымыңызды қарады. 06.03.2020 жылы сіздің Тараз қалалық ПБ-ның №1 полиция бөлімімен белгісіз тұлғаларға шара қолданбауы жөніндегі арызыңыз кала прокуратурасының «ИС Қадағалау» ақпараттық жүйесіне тіркелген. Қала прокуратурасымен арызды іс-құжаттарын зерделеу арқылы қаралып, нәтижесінде 11.03.2020 жылы шығыс №2-07-20-02068 қанағаттандырудан бас тарту сипатында жауап берілген (орын. Б.Жылгелдиев). Шағымды қарау кезінде Б.Жылгелдиевтің іс-әрекеттерінде қандай да бір құқық бұзушылық немесе орындаушылық тәртіп нормаларын бұзу жайттары анықталмаған. Осыған байланысты, қала прокуратурасының берген жауабымен келіспеген жағдайда сіз жоғарғы тұрған прокуратураға немесе ҚР ҚПК-нің 106-бабына сәйкес сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 51555
    Дата: 16.04.2020 09:47:08
    Аты-жөні: Сұлтанғазы Санжар
    Сұрақ:
    Мен Сұлтанғазы Санжар Айыпұлы Тәттібай Дүйсебайұлы ауылының тұрғыны, сізге өтініш жазу себебім: қазіргі онлайн сабақ оқуға байланысты ауыл студенттерінің және оқушылардың өздеріне қажетті мәліметтерді, оқытушылардың берген тапсырмаларын орындай алмауда. Бұл жағдайға себеп Тәттібай Дүйсебайұлы ауылында интернет желісінің нашар ұстайды. Сіздерден ауылымызға ауыл тұрғындарының атынан интернет желісін орнатып берулеріңізді сұраймыз... Өтінішімізді жауапсыз қалдырмағандарыңызға РАХМЕТ.
    Жауап күні:
    22 апреля, 2020 - 14:24
    Жауап:
    С.А.Сұлтанғазы sanzhar.nuri@mail.ru Құрметті Санжар Айыпұлы! Облыс прокуратурасы Сіздің интернет жүйесінің дұрыс жұмыс істемеу мәселесі бойынша Бас прокуратураның блогына жазған арызыңызды қарады. «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайды. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санатын мынадай: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне және іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді, сондай-ақ Сіздің уәждеріңізде уәкілетті органның қарау мүмкіндігі пайдаланылмаған. Заңның көрсетілген талаптарын ескере отырып, Сіздің арызыңыз қаралу құзіреттілігіне орай Жамбыл облысының әкімдігіне жолданды. Қарау нәтижесі туралы аталған органмен хабардар боласыз. Сонымен қатар, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарау жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа беріледі. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд.: Ш.Таштамиров, тел: 45-25-44.
  • Сұрақ №: 51540
    Дата: 13.04.2020 01:02:28
    Аты-жөні: Манапова Жадра
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба? Мен Тоқтарбаева Ақжарқын Почтабаевнаға 920906402008 3 қыркүйек күні арыз білдірдім. Арыз білдіру себебім алаяқтықпен шұғылданады. Мені алдағаны жайлы. Ол тек мені емес басқа қала тұрғындарын алдап әлі де жұмыс істеп жатыр. Интернет арқылы біз 12 адам жиналып отырмыз, әр қаладан арыз жазған жауап жоқ. Менің арызымды Алматв Департамент полициясы оны Жамбыл облысына жіберді, 8 ай болды еш жауап жоқ. Департамент полициясы хабарласса телефонды көтермейді деді. Сізге Ақжарқын жайлы жазылған екен, бірақ сіздер ақтап таза деп тұрсыздар. Ол әлі күнге дейін алаяқтықпен, елді алдап жүр. Сонда заң оған еш әсер етпейді ма?! Ақшаны қайтарып, жазасын алсын. Заң қайда осындай кезде? Менің өтінішім шара қолдануларыңыз, ақшаны қайтартуларыңыз. Және де жұмыскерлеріңіз тиянақты, нақты жұмыс атқаруларын сұраймын. 8 айға дейін бір жауап бермей жүрген, олар қандай жұмыс атқарып отыр сонда?! Бір элементарный қылмыстық іс осынша уақытқа созылса, басқа істерді қалай қарастырып отыр?! Жауабын беруді және де шара қолдануларыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    29 апреля, 2020 - 16:11
    Жауап:
    Сіздің А.Токтарбаеваға қатысты алаяқтық дерегі бойынша бұрын жазған арызыңыз бойынша шара қолданылмай жатқандығы туралы арызыңыз қаралды. Анықталғаны, Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 2019-2020 жылдары аралығында Жамбыл облысы Полиция департаментіне және оның аумақтық бөлімшелеріне А.Токтарбаеваға қатысты алаяқтық дерегіне қатысты арызыңыз түспеген, тиісінше ақпараттық есепке алу кітабына немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелмеген. Осыған орай, Сіз аталған дерек бойынша өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша Ішкі істер органына арызданып, А.Токтарбаеваға қатысты уәждеріңізді аталған органға ұсынуға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, жауап көшірмесін тіркей отырып, жоғары тұрған прокуратураға немесе ҚПК-нің 106-бабына сәйкес сотқа шағымдануға кұқылысыз.

Беттер