Алғыс хат.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

АЛҒЫС

      Мен Ембердиева А.Б. борышкер Жарылқасымов Бахтияр Жарылқасыновичтен соттың шешіміне сай ортақ қызымыз Жарылқасын Ардананы асырап бағу үшін менің пайдама алимент өндірілген. Борышкер Жарылқасынов Бахтиярдың алимент бойынша жалпы қарызы 531 276 теңгені құраған. Соңғы кездері борышкер алимент төлеуден тойтарып жүрген болатын. Байзақ аудандық прокуратурасы «алимент төлемеуге 30 қадам» жобасын жүзеге асыру барысында борышкердің менің пайдама алимент өндіруге ықпал етіп, борышкердің көлік құралын басқаруға құқығын уақытша тоқтату туралы ұсыныс сотқа жолдатып, нәтижесінде борышкер Жарылқасынов алимент бойынша берешегін төлеуге мәжбүр болды.

Құрметті прокурор мырза! Қызметкерлеріңіздің яғни Байзақ ауданың прокуроры Б.Телеуге және аудандық прокуратураның прокуроры Ж.Қойкеноваға ерекше алғыс жариялауыңызды сұраймын. Біз сияқты ана мен бала құқығын қорғап отырған осындай азаматтардың барына қуанамын және ризашылығымды білдіремін. Осы алғысымды  елеусіз қалдырмай аталған қызметкерлерге ерекше алғыс жарияласаңыз екен. Себебі, мен сияқты мұқтаж анаға көмегін аямауда. Осы кісілердің арқасында борышкер алимент бойынша қарыз 531 276 (бес жүз отыз бір мың екі жүз жетпіс алты) теңге төлеп қарызынан құтылып, өзінің әкелік міндетін сезінгені дұрыс болды. Сіздердің ерен еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт және денсаулық тілеймін.

 

Ізгі ниетпен: Айнұр Бақытқызы