Алғыс хат.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Мен, Султанов Болысбай Бекбергенович, 2016 жылдан 2017 жылдың 1 тоқсанына дейін Меркі ауданы көлеміндегі әкімшілікке қарасты мекемелерге бірнеше рет барып, балаларымның құжаттарында жазылған қателіктерді түзете алмадым. Кейіннен, аудан прокуратурасына келіп заң талаптарын сұрадым және жазбаша өтініш өткіздім. Аудан прокурорының қабылдауында болдым, ол тек заңды түсіндіріп қоймай, мемлекеттік органдардың мамандарын шақыртып, оларға да заңды түсіндірді. Құжаттарым тез арада қабылданып, туындаған мәселе бойынша құзырлы органмен оң шешім қабылданды. Айта кететін жағдай, қанша органдарға барсам да, дәл прокуратурадағыдай кішіпейіл, адамның жанын түсінетін мамандар көрмедім. Сондықтан, осындай білімді, білікті мамандар көбейсе екен деймін. Сөйтіп, аудан прокурорына өз ризашылығымды білдіремін.  Оның қызметіне сәттілік, табыс тілеймін. Құқығы бұзылған азаматтарға қорған болатынына сенімдімін.

Меркі ауданы, Ақарал ауылы,

Интернациональная көшесі

№4/4 үй тұрғыны      

Б.Б. Султановтан.