Құқық қорғау қызметтері орталығында тұрғын үй мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізді

31 October 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметтері орталығында тұрғын үй мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізді - 900992981

Ағымдағы жылдың 30-шы қазанда Жамбыл облысы бойынша  Құқық қорғау қызметтері орталығында прокуратура, әкімдік, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның өкілдерімен және басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері тұрғын үй мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Аталған іс-шараға 50-ден астам азаматтар келіп, мемлекеттік бағдарлама бойынша көп балалы аналар ретінде тұрғын үй алу, жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру және басқа да әлеуметтік мәселелерге байланысты бірқатар сұрақтар қойылды.

Азаматтарға заңнамаға сәйкес тиісті кеңестер берілді, олардың кейбір мәселелері жедел шешілді, ал материалдарды зерделеу қажет ететін сұрақтары бойынша өтініштер қабылданды.

Жеке қабылдаудың мұндай тәжірибесі азаматтардың мәселелерін жедел шешуге және әкімшілік процедураны алып тастай отырып, оларға заң көмегін уақытылы ұсынуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Сапалы кеңес алған және мәселелерін жедел шешіп бергені үшін  азаматтар өз алғыстарын білдірді.

Comments

Add new comment