Жамбыл облысының прокурорлары балалар қылмысы мен суициды бойынша дабыл қағуда

26 July 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жамбыл облысының прокурорлары балалар қылмысы мен         суициды бойынша   дабыл қағуда - 568545244

Облыста жасөспірімдер қылмысының өсуі 25,7%-ды құрады, балаларға қатысты қылмыстар 29,1%-ға, ал суицид әрекеті 3 есеге көбейді. 

Бүгінгі Жамбыл облысының прокуроры Ж.Қ.Құсайыновтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында осы келеңсіз статистика айтылды.   

Облыста кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі 12 облыстық, қалалық және аудандық комиссия жұмыс істейді, онда 250-ден астам мәселе қаралып, 1759 түрлі алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Алайда, бірде бір жағдайда да, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер қаралған жоқ.

Әлсіз профилактиканың екінші себебі ювеналдық полиция кадрларының тәжірибесіздігі. 202 қызметкердің 60%-ның ғана бір жылдық жұмыс өтілі бар, тек 114-і ғана жоғары заңгерлік білім алған.

Үшінші себеп жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың өзгермеуі.  

Сондықтан, Үйлестіру кеңесінің отырысында аталмыш үрдісті жақсарту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған,:

- өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау және әлеуметтік оңалту бойынша жұмысты күшейту;

- мектеп психологтары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жұмыс форматын қайта қарау;

- мекткеп психологтары мен инспекторларының жұмысы үшін мектептердің оқу жоспарына жеке уақытты енгізу;

- есепте тұрған балалар (мектепте және полиция бөлімдерінде) профилактикалық шараларды дараландыру үшін топтарға (жоғары, орташа және болмашы қауіп) бөлінеді;

- ата-аналардың жауапкершілігін арттыру тәжірибесін қайта қарау.

Іс-шараларды іске асыру Жамбыл облысының прокуратурасы мен әкімдігі әзірленген жасөспірімдер қылмысының алдын алу саласындағы Жол картасында белгіленген.

Comments

Add new comment